БАЛАНЫҢ ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
БАЛАНЫҢ ӨСУІ МЕН
ДАМУЫНА АРНАЛҒАН
ЖЕКЕ КАРТОЧКА
0-ДЕН 5 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
САЛАМАТТЫ
ҚАЗАҚСТАН
3
Жеке карточка – Сіздің балаңыздың өсуінің,
дамуы мен денсаулығының жай-
күйін көрсететін құжат.
Карточканы Сіз пайдаланасыз – ол Сіздің балаңыздың денсаулығының жай-
күйімен, жас ерекшелігіне байланысты өзгерістермен және дамуындағы
жетістіктермен мұқият танысуыңызға көмектеседі. Карточкада баланы
тамақтандыру, оған күтім жасау, қауіпсіздік және аурулардың алдын алу туралы
негізгі ақпарат келтірілген.
Карточкаға Сіз баланы бақылау қорытындыларын,
жасына сай келетін
дағдыларының байқалған уақытын, бала денсаулығының жай-күйіндегі
өзгерістерді белгілейсіз. Толтыруы жеңіл сұрақтықтар мен алуан түрлі диаграм-
малар Сіздің әрбір детальді ескеруіңізге көмектеседі. Балаңыздың дамуындағы
қандай да бір ауытқушылықтарға уақытылы назар аудара отырып әрі медици-
на қызметкерлеріне қаралған кезде Сіз осы арқылы өз балаңызға тиісті көмекті
қамтамасыз ете аласыз.
Карточкаға деректер бірнеше жылдар бойы жинақталады, қажет
болған
жағдайда, бала өмірінің әр кезеңдеріндегі өсуі, дамуы және денсаулығы тура-
лы толық түсінік береді. Бұл, өз кезегінде, ауруды уақытылы анықтау және соған
сәйкес ем тағайындау үшін шешуші фактор болып табылады.
Карточканы сақтаңыз, баламен қайда барсаңыз да оны өзіңізбен бірге алып
жүріңіз – ол Сізге жақсы қызмет етеді!
БАЛАНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА АРНАЛҒАН
ЖЕКЕ КАРТОЧКАНЫҢ МАҚСАТЫ
Карточка баланың медицина мекемесінде сақталатын
даму тарихын ауыстыра алмайды
4
Карточканың құрылымы мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1. Бала денсаулығының жақсы күйде болуы медицина қызметкерлерінің күш-
жігеріне ғана емес, сондай-ақ ата-аналардың
белсенді қатысуына да байла-
нысты болады. Нақ осы үшін карточкада ата-аналардың бақылау жазбала-
рына арналған беттер бөлінеді.
2. Баланың физикалық және ақыл-ой денсаулығын бағалау мақсатында
мерзімді түрде балалар емханасына барып тұру қажет. Дені сау баланы меди-
цина қызметкеріне бір жасқа толғанша ай сайын көрсету, 3 жасқа толғанша
тоқсан сайын, ал үш жастан асқан соң және одан жоғары жылына кем деген-
де екі рет көрсету ұсынылады. Егер баланың денсаулығы
мен дамуы қалыпты
болса, онда дәрігерге көріну үшін көрсетілген сан жеткілікті болып табылады.
Өмірінің алғашқы жылында қауіп-қатер факторлары болған жағдайда (мы-
салы, шала туу, туған кезде салмағының жетіспеуі және т.б.) балалар емха-
насына қосымша бару қажет болуы мүмкін.
3. Әлдебір мәселелер туындаған жағдайда балалар емханасына кезектен тыс
бару қажет болуы мүмкін, бұл әдетте ауырған/дамуында ауытқушылықтары
болған кезде ғана медицина қызметкеріне көріну ретінде қарастырылады.
Бірінші рет барған кезде Сіз участкеңіздің балалар емханасының қабылдау
графигімен
танысуға, оны жазып алуға, дәрігеріңіздің/емханаңыздың теле-
фон нөмірлерін нақтылауға тиіссіз. Қажет болған жағдайда дәрігер Сізге
консультация алу немесе мамандандырылған ем алу үшін қайда және кімге
бару керек екені туралы кеңес береді. Карточкада осы сәт де ескерілген –
мұнда жоғарыдағы ақпаратты тіркеуге арналған жекелеген парақтар бар.