Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қоянды орта мектебі
Тақырыбы:Әдебиеттің дамуы
Жүргізген: тарих пәні мұғалімі
Ж.Хадет
2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттің дамуы
Мақсаты:ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі мен дамуы туралы мәлімет беру.
Міндеттері:
Қазақ әдебиетінде жаңа жанрлардың пайда болуы және дамуымен таныстыру, нәтижесін айқындау;
2. Бірлескен жұмыс негізінде жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту; берілген тапсырмаларды бір-бірімен ынтымақтастықта орындау, өзгеге қарап өзін-өзі реттей білуге үйрену.
Тұлғалардың халыққа еткен қызметін үлгі-өнеге ете отырып елін сүйетін азамат тәрбиелеу, тұлғаларға құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Жаңа тақырыпты меңгереді, қосымша мәліметтер алады;
Өзіндік ой пікірлерін сенімді, жүйелі түрде жеткізе алу дағдалары қалыптасады;
Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай алады.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: деректі фильм, портреттер, буклеттер, слайд
Стратегиялық әдіс-тәсілдер: үлестірмелі тапсырмалар беру, сұрақтарға жауап-алу, кесте толтырту
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)
а) Сұрақтар (эвристикалық әдіс).
б) Тарихи диктант
ІІІ. Сабақтың кезеңдері:
1. Постер құру (әр топқа жеке сұрақтар беріледі)(дайындалу 5 мин. Қорғау 5 мин.)
2. “Математикалық лото”(3 мин)
3. “Тұлғаны таны”(5 мин)
4. “Шежіре сыр шертеді ..”(2 мин)
ІҮ.Білімді бекіту (4 мин)
Ү. БҮБ кесте толтыру (2 мин)
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ.Бағалау
Үй тапсырмасы
1) сұрақтар (эвристикалық әдіс)
Жоғары және арнаулы орта білім.Қазақстан зиялыларының қалыптасуы
|
10
|
20
|
30
|
Ғылымның дамуы
|
10
|
20
|
30
|
КСРО ҒА Қазақ филиалының құрылуы. Мұражайлар мен археологиялық мұрағаттар
|
10
|
20
|
30
|
Қазақ тілінің дамуы
|
10
|
20
|
30
|
1/10. Қазақстанда ашылған тұңғыш ЖОО? / қазақ пед.институты 1928 ж.
1/20. ҰОС қарсаңында қанша ЖОО мен арн.орта оқу орны болды?/ 19 . 120
1/30. Республиканың Жоғ.білім жүйесінің қалыптасуынакімдер көп көмек көрсетті?
С.Асфендяров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин,А.Байтұрсынов, О.Жандосоы т.б.
2/10. Қазақстан ғылымының қалыптасу кезеңі?/ 1920-1930 жж.
2/20. Қазақстанды зерттеу Қоғамы секцияларының жұмысына ат салысқан ғалымдар?
С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.П.Чулушников
2/30. Ғылыми форумдардаҚазақстаннның қай жерлері зерттелді?
Қарағанды, Алтай, Үлкен Жезді, Орал-Ембі
3/10. КСРО ҒА Қазақ филиалы қай жылы құрылды? / 1938ж.
3/20. Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалым?/ Қ.Сәтбаев
3/30. Архив басқармалары қай қалаларда Ұйымдастырылды?
Семей, Орал, Қостанай,Бөкей, Ақтөбе
4/10. Қай қалаларда қазба жұмыстары жүргізілді? / Тараз, Қойлық
4/20. “Сөз теориясы” оқу құралының авторы? / А.Байтұрсынов
4/30. Қазақ әліпбиі қай жылы криллицаға көшірілді? / 1940 ж.
Тарихи диктант
............ жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіінң ашылуы республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.
1919 жылдыі желтоқсанында ................ қаласында Қазақстанның табиғаты мен тарихын зерттеу мақсатында тарихи-статистикалық бөлім ашылды.
1926 жылы ........................ ежелгі Тараз қаласынынң орнында қазба жұмыстарын жүргізді.
Республика ........................... қазбалардың бірқатарын өндіруде Одақтағы алдыңғы орындарға шықты.
1935 жылы профессор .................. жазған “Қазақтың көне заманнан бергі тарихының” бірінші бөлімі жарық көрді.
Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде ......-ден астам ғалым еңбек етті.
Қ.Сәтбаев ................ оқулығын жазды.
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1. Постер құру (әр топқа жеке сұрақтар беріледі) – 5 мин.
2. “Математикалық лото” (сұрақтарға жауап) – 2 мин.
3. “Тұлғаны таны” (әр түрлі тапсырмалар).
4. “Шежіре сыр шертеді ..”
1 топ. Ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ әдебиеті
Бастапқы сөйлем
|
Кеңейтілген сөйлем
|
ХХ ғ.басындағы қазақ әдебиетінің жағдайы
|
200-ге жуық кітап шықты. Орыс жазушыларының шығармалары аудырылды. Қазақ халық шығармашылығының озық үлгілері, шығыс классиктерінің шығармалары, діни-батырлық қиссалар кітап болып шықты. Бұл жалпыұлттық мәдениеттің қалыптасуына игі ықпалы етті.
|
Кеңес билігіне дейінгі ақын- жыраулар мен жазушылар
|
Ж.Жабаев, К.Әзірбаев, Ш.Жәңгіров, М.Көпеев, М.Қалтаев, Н.Наушабаев, С.Торайғыров т.б.
|
Жазушылықпен қатар журналистік, аудармашылық жұмыстарды қатар атқарғандар
|
М.Сералин, Б.Ізтөлеуов
|
Сол дәуір әдебиетінің озық үлгілері ретінде танылған С.Торайғыровтың шығармалары?
|
“Қамар сұлу” романы, “Кедей” поэмасы
|
2 топ.
Бастапқы сөйлем
|
Кеңейтілген сөйлем
|
Қазақ әдебиетінде бұрын болмаған жаңа жанрлар пайда болып, дамыды.
|
Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды болмаған жанрлар – романдар, повестер, новеллалар пайда болды.жаңа жанр - драматургия қарыштап дамыды, сценарийлер мен либреттолар жазылды.
|
ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінде ерекше орнын алған, ұлттық мәдениет тарихының жаңа бетін ашқан көрнекті ақын-жазушы, қоғамдық-саяси қайраткерлер
|
А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбергенұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б.
|
Абай дәстүрін жалғастырушы, кемеңгер ақын М.Жұмабаев қазақ поэзиясына жаңа серпін әкелді.
|
Оның поэмалары қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерді, жанрлық көптүрлілік әкелді. “батыр Баян”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Жүсіп хан” эпикалық шығармалары оқырманның сүйікті шығармаларына айналды.
|
Абайдың рухани ізбасары әрі шәкірті Ш.Құдабердіұлының шығармаларын ата.
|
“Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр” поэмалары, “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі” тарихи еңбегі, “Үш анық” философиялық кітабы
|
Ағартушы ғалым, жазушы Ж.Аймауытовтың қазақ мәдениетіне үлкен үлес қосты.
|
Ол классикалық қазақ романының және драматургияның негізін салушылардың бірі. Публицистика, әңгіме, фельетон, сын мақалаларға қалам тартты.1916 ж.бастап пьесалар жазды, алғашқы театр топтарын құрды. 1917ж. Семейде өзінің “Рабиға” пьесасын қойды. М.Әуезовпен бірге “Абай” журналын шығарысты.
|
3 топ.
Бастапқы сөйлем
|
Кеңейтілген сөйлем
|
ХХғ.басында қазақ халқының ұлттық санасын жаңғыртқан үшеудің (А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы) бірі - М.Дулатұлы.
|
Ақын, жазушы, публицист, ағартушы –педагог М.Дулатұлының халқына еткен еңбегі өлшеусіз. Оның”Оян, қазақ!” атты өлеңдер жинағы 1919ж. Жарық көрді. 1913ж. “Азамат” жинағы жарияланды. 1910ж. Жарық көрген “Бақытсыз Жамал” қазақ тілінде жазылған алғашқы роман.
|
Қазақтың “үш бәйтерегі” - С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің шығармалары
|
С.Сейфуллиннің еңбектері – “Тар жол тайғақ кешу” тарихи-революциялық романы, “Көкшетау”, “Аққудың айырылысуы”, “Совестан, “Аль-батрос” поэмалары; І.Жансүгіровтың еңбектері – “Құлагер”, “Күй”, “Дала” поэмалары, “Мерген Бөкен” әңгімесі т.б., Б.Майлинның шығармалары – “Азамат Азаматыч” романы, “Шұғаның белгісі”, “Мырқымбай, “Байдың қызы”, “Өтірікке бәйге” поэмалары т.б.
|
20-30 жылдарды қазақ әдебиеті көптеген шығармалармен толықты
|
С.Мұқановтың “Сұлушаш”, “Ботакөз” романдары, Иса Байзақовтың “Құралай сұлуы”, Саттар ерубаевтың “Менің құрдастарым”, Ғабиден Мұстафиннің “Өмір мен өлім” т.б. шығармалар
|
30 жылдардың соңы мен 40- жылдардың басында әдебиетке тағы бір лек жастар келіп қосылды
|
Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, Ж.Сыздықов, ж.Саин. Ә.Сәрсенбаев, Қ.аманжолов, Т.Жароков, Қ.Бекқожин, Д.Әбілев т.б.
|
4 топ.
Бастапқы сөйлем
|
Кеңейтілген сөйлем
|
Қазақстандағы орыс әдебиетінің көрнекті өкілі, Н.Ановтың шығармалары?
|
”Исцеление” пьесасы, “награда” повесі, “Азия” романы т.б.
|
И.Шуховтың алғашқы романдары
|
“Горькая линия”, “Ненависть”
|
Ж.Аймауытов Абайдың бастамасын жалғастырып, аудармалар жасады
|
А.Пушкиннен, м.Лермонтовтан, Л.Н.Толстой, Ф.Шиллерден, В.Шекспир, Ғ.Тоқайдан аудармалар жасады. “Интернационалды” қазақшалады.
|
М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов тәржімелері
|
М.Жұмабаев Гете, Гейне, М.Горький, В.Иванов, Д.Мамин-Сибиряктың кейбір таңдаулы шығармаларын, А.Байтұрсынов И.Крыловтың мысалдарын аударды.
|
2 тапсырма. “Математикалық лото”
Cандар
|
Жылдар
|
Оқиға
|
900*2+118=
|
1918 ж.
|
Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірге “Абай” журналын шығарды
|
1200+720-3=
|
1917 ж.
|
Ж.Аймауытов Семейде “Рабиға” пьесасын қойды
|
700*7-700/3+509=
|
1909 ж.
|
М.Дулатовтың “Оян, қазақ!” жинағы шықты
|
400*5-84=
|
1910 ж.
|
“Бақытсыз Жамал” романы жарық көрді
|
127+ (450*4) =
|
1927 ж.
|
С.Сейфуллиннің “тар жол тайғақ кешу” тарихи-революциялық романы жазылды.
|
3 тапсырма. “Шежіре сыр шертеді...”
1. “Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжан сөзі” (М.Әуезов)
2. “Сәкен еңбегіне сыншы да, тарихшы да емес, жай қатардағы оқушы ретінде көз жіберсек, өзгеде жоқ екі түрлі қасиеті айқындалады: біріншісі, жалтағы жоқ шыншылдығы, екіншісі ақындық тәкаппарлығы” (Ғ.Мүсірепов)
3. “Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет” (С.Мұқанов)
4. “Міржақып өте жылдам жазған және өте өткір тақырыпқа жазған...”Қазақ” газеті сондай сапада, сондай мазмұнда , сондай биіктен көрінуіне, меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына қарыздар”. (Мәмбет Қойгелдиев)
5. “Бейімбет жау болса, мен де жаумын”(Ғ.Мүсірепов)
4 тапсырма. «Тұлғаны таны».
Деректі фильм
Сабақты бекіту.
1 . Семантикалық карта
|
С.Мұқанов
|
М.Дулатов
|
М.Жұмабаев
|
С.Торайғыров
|
Ш.Құдайбердиев
|
Ж.Аймауытов
|
Б.Майлин
|
“Қамар сұлу”, “Кедей”
|
|
|
|
|
|
|
|
“Батыр Баян”, “Қойлыбайдың қобызы”
|
|
|
|
|
|
|
|
“Еңлік-кебек”, “Үш анық”, “”Қалқаман –Мамыр”
|
|
|
|
|
|
|
|
“Шернияз”, “Қартқожа, “Ақбілек”
|
|
|
|
|
|
|
|
“Оян, қазақ!”, “Терме”, “Бақытсыз Жамал”
|
|
|
|
|
|
|
|
“Сұлушаш”, “Ботакөз”, “Өмір жолы”
|
|
|
|
|
|
|
|
“Азамат Азаматыч”, “Байдың қызы”, “Шұғаның белгісі”
|
|
|
|
|
|
|
|
2. тест.
Кеңес билігіне дейінгі ақын-жазушылар. Артығын тап.
А) Ш.Жәңгіров ә) Ж.Жабаев б) М.Дулатұлы
2. С.Торайғыровтың романын романы?
А) “Батыр Баян” ә) “Қамар сұлу” б) “Сұлушаш”
3. Сәйкестендір.
“Батыр Баян” а) Ж.Аймауытов
“Үш анық” ә) М.Жұмабаев
“Шернияз” б) Ш.Құдайбердиев
Ж.аймауытов 1918 ж. “Абай журналын кіммен бірге шығарды?
А) М.Әуезов ә) М.Дулатов б) ш.Құдайбердиев
5. Ж.Аймауытовтың С.Торайғыровтың өміріне арналған шығармасы
А) “шернияз” ә) “Ақбілек” б) “Қартқожа
6. “Оян, қазақ!” өлеңдер жинағының авторы?
А) А.Байтұрсынұлы ә) М.Дулатұлы б) Ә.Бөкейханов
7, 1910 ж.жарық көрген қазақ тілінде жазылған алғашқы роман?
а) “Қамар сұлу” ә) “Бақытсыз жамал” б) “Қартқожа”
8. І.Жансүгіровтың Ақан серіге арнаған поэмасы?
А) “Ақан сері” ә) “Құлагер” б) “Шернияз”
9. А.Байтұрсынов қай орыс жазушысының мысалдарын аударды?
А) М.Лермонтов ә) И.Крылов б) И.Шухов
10. М.Дулатұлының өмір сүрген жылдары?
А) 1885-1935жж ә) 1889-1931жж. Б) 1887-1941жж.
БҮБ кестесі
Бүгінгі сабақта білдім
|
Бүгінгі сабақта үйрендім
|
Бүгінгі сабақтан кейін білуім керек
|
|
|
|
Үйге тапсырма. & 24 оқу
Достарыңызбен бөлісу: |