Сынып Қ. тарихы Дж тарих



Дата04.09.2023
өлшемі119,5 Kb.
#180197
Байланысты:
31.08.2023


«Адам және қоғам»

Сынып

Қ. тарихы

Дж. тарих

Құқық

5

2 сағат

1 сағат

жоқ

6

2 сағат

1 сағат

жоқ

7

2 сағат

1 сағат

жоқ

8

2 сағат

1 сағат

жоқ

9

2 сағат

1 сағат

1 сағат

10

2 сағат

1 сағат

1 сағат

11

2 сағат

1 сағат

1 сағат

Пәндік, мета-пәндік және негізгі құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар
Интерактивті әдістер: пікірталас, дебат, рөлдік ойындар және кейс-стади сияқты интерактивті әдістерді қолдану білім алушылардың сабаққа белсенді қатысуына, өз пікірлерін білдіруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Тарихи дереккөздерді пайдалану: тарих пен қоғамға қатысты оқу пәндерінде хаттар, фотосуреттер, артефактілер және құжаттар сияқты түпнұсқа тарихи дереккөздерді пайдалану маңызды.
Құндылық бағдарларын қалыптастыру: құрмет, жауапкершілік және әділеттілік сияқты білім алушылардың құндылық бағдарларын дамытуға баса назар аудару маңызды. Бұл үйлесімді және этикалық саналы тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі.
Сыныптан тыс іс-шаралар мен саяхаттар: сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру, музейлерге, тарихи орындарға саяхаттар білім алушылардың шынайы өмірмен танысуына, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға және материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» оқу пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес әрбір оқу тоқсанының соңында зерттеу жұмыстарының тақырыптары ұсынылған.
Зерттеу жұмысын әзірлеу кезінде 10-11-сынып білім алушылары зерттеуде мынадай біліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс:
- зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау; - зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру; - зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,
- алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек көздері) таңдау және жүйелеу;
- зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет