Эссе «Қоғамдағы ұстаз мәртебесі»



Дата19.09.2022
өлшемі25,49 Kb.
#149982
Байланысты:
Эссе
Дінтану реферат

Мұғалім –зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
К.Д.Ушинский.
Эссе
«Қоғамдағы ұстаз мәртебесі»


Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. Әлемдік деңгейде – педагог, өз ұстанымызда ұстаз ұғымының сипаты, мән-мағынасы қашанда айқын: ол – мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты. Тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біз көптеген заманауи талаптарға сай келетін түбегейлі жаңа білім беру жүйесін құрдық. Бүгінгі таңда мемлекет әлемдік стандарттарға сәйкес келетін білім беру сапасының алдыңғы қатарлы позицияларына көшу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Педагог мәртебесіне байланысты мәселелерді шешуде негізгі үш жол бойынша ілгерілеу анықталды. Бірінші жол-жаңа деңгейде педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру, екінші жол – жалақыны арттыра отырып материалдық ынталандыру, үшінші жол-педагогтің беделін арттыру үшін имидждік жұмыс жүргізу, мұғалімнің оң имиджін қалыптастыру. Талдау сол күндері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұғалімдер мен жалпы білім туралы теріс ақпарат болғанын көрсетті. Сондықтан мақсатты имидждік жұмыс өзекті болып қала береді.Мұндай мәртебені көтерудің бір қатар нақты міндеттерін шешуде белгілі бір ілгерілеу жүзеге асырылды.Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін, олардың имиджін қайта қарау бойынша жүйелі шаралар қабылданды.Жаңа заңнамада мұғалімдерді шамадан тыс жүктемелерден және олардың қызметіне араласудан қорғауға арналған барлық шаралар жүйесі ұсынылған.Мұндай саясат білім беру жүйесіне дарынды жастарды тартуға, осы саланы біртіндеп айтарлықтай жасартуға, сапалы кадрлық нақты міндеттерін шешуде белгілі бір ілгерілеу жүзеге асырылды.Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін, олардың имиджін қайта қарау бойынша жүйелі шаралар қабылданды.Жаңа заңнамада мұғалімдерді шамадан тыс жүктемелерден және олардың қызметіне араласудан қорғауға арналған барлық шаралар жүйесі ұсынылған.Мұндай саясат білім беру жүйесіне дарынды жастарды тартуға, осы саланы біртіндеп айтарлықтай жасартуға, сапалы кадрлық резервті қалыптастыруға жан-жақты ықпал етуге мүмкіндік береді.
Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгені, жеткен әрбір жетістіктері ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ізденімпаздығының арқасы деуге әбден болады. Қай мамандық иесі болмасын ұстаздан білім алатыны баршамызға аян. Халқымызда «Бір әріп үйреткенге, қырық жыл сәлем бер» деген аталы сөз де бар. Әрбір саналы азаматтың жүрек түкпірінде мұғалімдерге деген құрмет пен шексіз алғыстың бары сөзсіз. Бұл сөзімізге Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Педагог мәртебесіне» ерекше назар аударуы дәлел бола алады. Үкіметке келер жылдан бастап «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырған мемлекет басшысы аталған құжаттың мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуы, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауы тиіс деген ойын жеткізген еді.
«Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін тек құрмет қана емес жаңа міндеттер деп қарауымыз керек. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылардың бала кезден қалыптасатынын ескерген ол білім беру ісінде 4К моделіне, яғни, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды көздейді. Бұл дегеніміз бірінші сыныптың өзіне жан-жақты ойлау қабілеті дамыған оқушылар қабылдана бастайды деген сөз. Бастауыш сыныптан бастап сыни ойлау қабілеті қалыптасқан, бұрынғы оқушылардан өзгешелеу ойлап, ойын екшеп, анық жеткізе алатын баланы әрі қарай дамыта түсу қазіргі таңда қолымызда бар оқыту базасымен оңайға түспейтіні белгілі. Сол себептен де орта білім беру жүйесінде белгіленген негізгі тәсілдердің орындалуына баса назар аударған жөн.Ұлт көшбасшысы еліміздегі Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесін мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт етіп алуды ұсынады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Маңызды мақсатты алға қойған ұстаздар үшін бұрынғысынан да көп ізденуге тура келеді. Қандай мамандықтың алдағы төрт-бес жылдықта бұрынғысынша сұранысқа ие екендігін болжап, еліміз бен алыс жақын шет мемлекеттерге анализ жүргізу және оқушының жеке бейімділігін ескере отырып оларға дұрыс бағыт сілтеу ұстазға жүктелетін аса маңызды міндеттің бірі. Мұндай жауапты жүктемені, яғни, бұрыннан бергі ұстаздың негізгі функционалдық міндетін нәтижелі орындау үшін Елбасы айтқандай әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үрдісіне атсалысуы керек. Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.
Ұстаз мәртебесінің түрлі жағдайларға байланысты аласарып қалғаны жасырын емес. Ұстазын қолбала еткен қоғамның ұзаққа бармайтыны жиі айтылса да, оған құлақ асқандар аз болған. Жаңа заңның қабылдануы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» болатын күннің жақындығы.
Елбасының: «Халықтың сені­мін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес» деген тамаша тағылымды сөзі бар. Бұл – ұстаз­дың ғана емес, кез келген ұстамды жанның бағдаршамы. Бұл ретте Президент Қ.К.Тоқаевтың: «Мұғалімнің еңбегі – адамзат игілігімен астасқан өлшеусіз еңбек» деп айтқаны да мәлім.
Еуропаның «авторитет» ұғы­мын тәпсірлеп жіберсеңіз, қазақша «адамгершілік, ар, намыс, қуат, тегеурін, билік» болып шығады. Біздіңше, әлімсақтан ұстаз абыройы осындай болған, қазір де, болашақта да осылай болуы тиіс. Сонда ғана қоғамның береке-бірлік, тәлім-тәрбие, ақыл-парасат өлшемі орнығып дамиды.
Бәзбіреулер «Ұстаздардың өзі ұстаздық атқа лайықты ма?» деп қарсы сұрақ қойып жатады. Рас, «бес саусақ бірдей емес», ондай фактіні де жасырып-жаппаймыз. Бірақ ондайлар кездессе, ұстаз аты мен затына жете алмағанын аңғартпай ма?.. Сол себепті халық қай кезде де – төреші, бағалаушы, сыншы. Біз шын ұстаз туралы және оның мәртебесі жөнінде ой сабақтап отырмыз.
Сөз жоқ, түптеп келгенде, педагог беделі заңмен емес, қоғамның ар-ұятымен, жауапкершілігімен шегеленеді. Қасиетті «Құранның» өзінде де, біздің мың жылдық дәстүрімізде де ұстазды сыйлау парыз екені ерекше айтылған. Ендеше «Педагог мәртебесі туралы» заңның қорғаушысы да, қолдаушысы да, дәйегі де, мәйегі де – қоғам.
Осыған байланысты мына ой­ды орта­ға салуды дұрыс көрдік.
Бірін­шіден, қоғам немесе бәрі­міз білім ордаларын – мәдениет пен біліктің алаңы деп, ал ұстаз­дар­ды – жол сілтеуші, өнеге рәмізі деп қабылдауымыз шарт. Атқарушы билік те мектепті түрлі саяси науқан кезінде еске алмай, қоғамның күнделікті қайнауы, пісіп-жетілуі деп қарағаны жөн. Аға толқынның имандылыққа ұйып, мешіт жақта жүргені жақсы. Бірақ негізгі болашақ, басты есеп – мек­тептегі жас буында екенін ұмыт­пағаны дұрыс. Сондықтан неме­ресін мектепке жетектеп әкеліп, соның маңында жүйелі әңгіме құрса, қилы жамандықты бірден тыюға әрекет жасаса, ұстаз беделін де, ата-ана ретінде өз беделін де көтереді.
Екіншіден, ұстаздардың сауа­ты, адамшылық бастамалары, қоғам­дық-әлеуметтік қағидаттары шек­теушілікке бармау керек. Бе­дел­ді ұстаз – ашық, демократ ұстаз. Сондықтан сабағыңызға ата-ана, қызыққан адам қатысқысы келе ме – қатыссын. Жиналысыңызда ой айтқысы келе ме – айтсын. Қысқасын айтқанда, барлық оқу орны қоғамнан әрі баға алып, әрі халық айнасынан өзін көре білгені абзал.
Үшіншіден, «нарық және білім ордасы» деген тақырып пыш-пыш әңгіменің емес, қоғам болып кеңесудің өзегіне айналса дейміз. Бірақ тәуелсіздіктің 28 жылында тұрғызылған зәулім мектеп ғимараттарын, үлкен қалалардағы бірінен кейін бірі ашылған қазақ мектептерін ұмытпалық. Бұрынғы дәстүрдегі асар, үме, жылу т.б. бар, біз неге нарық кезеңінде білім ордаларына ата-ана, жанашыр, демеуші ретінде нақты көмектесе алмаймыз? Естеріңізге салайық, 20-30 жылдары алғашқы мектептер – жеке адамдардың шым-кірпіштен соққан үйі болатын. Олар мұны сатқан жоқ, саудалаған жоқ, тегін берді. 50-60 жылдары мектептің кірпішін ұжым болып құйып, қабырғасын ел болып көтерді. Нарықтың адамшылық бір амалы – осы. Шүкір, қазір мешіт қана емес, мектеп салып, халыққа сыйлайтын кәсіпкерлер пайда болды. Біз осыған қуанамыз.
Жапония елінің білім беру жүйесі біздің елге де үлгі болса екен,мысалы шет тілдері 12 жастан бастап меңгеріледі,мектепке келген кезден бастап еңбекке баулуды басты назарға алады, яғни мектепке еден жуушы алмайды,өздері тазалайды,өздері тазалағаннан кейін мемлекет мүлкін көзінің қарашығындай сақтайды.Кеңес дәуірінде білім беру жүйесінде жақсы дәстүрлер болатын,сегізінші сыныптан кейін белгілі бір мамандық иесі болатын ,яғни белгілі бір кәсіпке баулитын.
Қоғамда ата-анасы бар бала бар мүмкіндікті алады,ал ата-анасы жоқ балалар қайтеді?
Ұстаз мәртебесі – фило­со­фия­лық, психологиялық, тарихи, әлеу­меттік астары бар қадірлі ұғым және қоғам жауапкершілігін анық­тай­тын өлшем.
Педагог тұғыры – қоғам мен мемлекет тұғыры.

Шымкент қаласы


№103 жалпы орта білім беретін мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Агабекова Лазат Канабековна




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет