Жеке карточка


6-ЖАТТЫҒУ. БАЛАНЫ ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет28/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

46
6-ЖАТТЫҒУ. БАЛАНЫ ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІҢ 
КӨМЕГІМЕН ТІЗЕРЛЕП ОТЫРҒЫЗУ (2—3 РЕТ).
БҚ: аяқтарын үстелдің алдыңғы шетіне қойып, 
шалқасынан жатқызады. Бала ересек адам бірге 
ұстап тұрған дөңгелектен ұстап тұрады. Баланың 
алақаны өзінің кеудесіне қарап тұрады. Бала-
ны қолдары шынтағынан бүгілген күйі жайлап 
тартқанда, бала отырады. Мақсат — қолдарының, 
иық белдеуінің, қарынның көк етінің бұлшық 
еттерін қатайту, өз бетімен отыру дағдасын да-
мыту.
7-ЖАТТЫҒУ. ДӨҢГЕЛЕКТЕН ҰСТАП 
АЯҚҚА ТҰРУ (1—2 РЕТ). 
БҚ: шалқасынан жатады. Бала ересек 
адар бірге ұстап тұрған дөңгелектен 
ұстап, аяғына тұрады. Мақсат — иық 
белдеудің, аяқтардың және дененің 
бұлшын еттерін қатайту. 
8-ЖАТТЫҒУ. АРБАДАН ҰСТАП ЖҮРУ (1—2 МИНУТ).
Бала арбаның арқалығынан екі қолымен немесе 
бір қолымен ұстап, қадамдап басады. Мақсат — өз 
бетімен жүру дағдысын дамыту.
БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА КӨМЕКТЕСУ
Сәбиге балаларға арналған кітаптарды дауыстап оқуды жалғастыра беріңіз. 
Бұл - баламен қарым-қатынасты жолға қоюдың және оның қабылдау қабілетін 
оятудың ең жақсы тәсілі. Оған үлкен кітаптарды, үлкен кубиктерді, музыкалық 
аспаптарды (барабан, қоңырау), батырмалары бар (батырманы басқанда 
қандай да бір әрекет жасалатын) ойыншықтарды ұсыныңыз. 


47
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Бала тірексіз отыра алады, ойыншықтарды бір қолынан екінші қолына ауы-
стырады, аударылады, еңбектейді, жиһаздарды жағалап немесе екі қолынан 
ұстаса жүреді, жақын адамдарының түрлерін таниды, таныс емес адамдарды 
жатырқайды, заттарды екі немесе бес саусағымен ұстауға тырысады, оларды 
аузына апарады, затты бір қолынан екінші қолына ауыстырады, қасықтан жар-
тылай қою ботқаны ішіп-жей алады, нан мен печеньені қолына ұстап, жей ала-
ды, суреттерге мұқият қарайды, түрлі дыбыстар шығарады, өзінің атын біледі, 
шақырғанда бұрылады, алақандарын шапалақтайды, қолын бұлғайды, «ол 
қайда?» деген сұраққа тиісті затты тауып береді, ойнайды, «иә, болады» мен 
«жоқ, болмайды» дегеннің айырмасын түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет