Жеке микробиология


Серологиялық идентификация



Pdf көрінісі
бет21/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Серологиялық идентификация 

Бөлінген  дақылдың  түрін,  түрасты,  типін,  типастысын  адсорбцияланған  сары  су 

көмегімен анықталады.  

Антигендік  құрылысы  анализі  шыны  бетіндегі  N1  қоспамен  агглютинация 

реакциясымен  басталады.  N1  қоспа  құрамына  Зонне,  Ньюкасл  шигеллаларына  және 

Флекснер  шигеллаларына  арналған  поливалентті  сары  сулар  кіреді.  Егер  агглютинация 

реакция  оң  болса,  бөлініп  алынған  дақылды  әр  қайсымен  бөлек  агглютинация  реакция 

жүргізеді.  



19 

 

Зонне  және  Ньюкасл  шигеллаларға  арналған  адсорбцияланған  сары  сулар  нәтижелі 



реакция берген болса, қорытынды жауапты беруге болады. Ал Флекснер шигеллалардың 

типін және типастыларын анықтау үшін қосымша типтік (1, 11, 111, 1V, V) және топтық 

(3,  4-6-7,  8)  сары  сулармен  агглютинация  реакциясы  жүргізіледі.  Мысалы,  бөлініп 

алынған дақыл нәтижелі реакция 1 типтік сары сумен және 3, 4 топтық сары суларымен 

берді.  Кестеде  көрсетілген  Флекснер  шигелласы  бөлінді,  түрасты  Флекснер,  1  тип,  1а 

типастыға жатады. Қорытынды жауап Флекснер 1а түрасты шигелла бөлінді.  

Егер  қоспа  1  агглютинация  реакциясы  теріс  болған  жағдайда,  агглютинация 

реакциясын басқа поливаленттік сары сулармен жүргізіледі. 

Агглютинация  реакция  жүргізер  алдында  дақылдың  маннитке  әсері  анықталады, 

қорытынды  бойынша  қандай  сары  сумен  агглютинация  реакция  жүргізу  керектіні 

айқындайды.  

Лабораториялық  диагностиканың  қосымша  әдісі  -  пассивті  гемагглютинация 

реакциясы. 

Дизентерияның  жедел  микробиологиялық  зерттеу  әдістеріне  люминесцентті 

микроскопия және биологиялық сынаманы теңіз шошқаларына жүргізуі жатады.  

Шигеллалардың  вирулентті  штаммдарын  конъюнктивалық  қапшыққа  (төменгі  кірпік 

асты) енгізгенде бірінші тәуліктің сонында жануарларда конъюнктивит дамиды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет