Ферментативтік қасиеттері
Шигеллалардың ферментативтік активтілігі өте жоғары. Манитті ферменттеу бойынша
шигеллалар бөлінеді: манитті ыдырататындар және манитті ыдыратпайтындар (7-кесте).
Шигеллалар уреаза түзбейді; Фогес-Проскауэр реакциясы теріс; глюкоза және басқа
көміртектерді газы жоқ қышқылға дейін ферменттейді (тек Shіgella flexnerі: S.manchester u
S.newcastle - ҚГ); лактозаны (тек Зонне шигелласы ыдыратады), адонит, салицин, инозит
ферменттемейді, каталаза түзеді, лизин-декарбоксилаза және фенилаланиндезаминазасы
жоқ. ДНҚ гуанин мен цитозин деңгейі 49-53%.
Шигеллаларда О-антигендер (жалпы Enterobacterіaceae тұқымдастық, туыстық, түрлік,
арнайы топтық және типтес спецификасы барлар ажыратылады) және К-антигендер бар,
ал Н-антигендер анықталмаған. О-антигендері бойынша Shіgella тұқымдастығы 4
топастыға бөлінеді немесе 4 түрге, және 44 серотипке. А топастылар (Shіgella dysenterіae
түрі) - маннит ферменттемейтін шигеллалар, 12 серотиптері бар (1-12).
Физикалық және химиялық факторларға тұрақтылығы
Шигеллалар сыртқы қоршаған ортаның факторларына төзімді болып келеді. Қағаз,
мақта маталарда 30-36 тәулікке дейін сақталуы мүмкін, құрғап қалған нәжісте 4-5 айға
дейін, топырақта - 3-4 ай, суда - 0.5-3 ай, жеміс-жидекте - 2 апта, сүт және сүт өнімдерде -
бірнеше апта бойы сақталады; шыбынның сыртында және ішегінде 5 тәулік бойы
сақталады - дизентерия тасымалдауында эпидемиологиялық маңызы зор. 60
0
С 20-30 мин.
өледі, 100
0
С - бірден өледі, тура күн сәулесі 1 сағат ішінде өлтіреді. Хлорамин, активті
хлор және басқа дезинфектанттарға сезімтал - шигеллалар 20-30 мин. жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |