Ферментативтік қасиеттері
Salmonella туысына кіретін бактериялардың биохимиялық активтілігі жоғары.
Көмірсуларды қышқыл мен ғаз бөлінгенше ыдыратады, тек іш сүзек сальмонелласы
қанттарды қышқылға дейін ферменттейді. Көптеген сальмонеллалар пептон қосылған
субстраттарды күкірт сутегі пайда болғанша ыдыратады; Ал парасүзек А қоздырғышында
бұл қасиет болмайды. Лакмустық сүтке сальмонеллалардың қатынасы әртүрлі: іш сүзегі,
парасүзек А қоздырғыштары және сальмонеллалардың кей түрлері қышқыл түзеді, ал
парасүзек В және көптеген басқа сальмонеллалар сілтіні түзеді. Индол түзбейді,
желатинді ыдыратпайды, нитратты нитритке ауыстырады, ацетоин түзбейді. S.typhі
цитрат қосылған ортада өспейді (2-кесте).
Сальмонеллалардың типін анықтауда тек биохимиялық қасиеттерін анықтау толық
емес. Типтік қатысасын серологиялық реакцияларда анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |