Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет26/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Дақылдық қасиеттері 

Сальмонеллалар  қоректік  орталарға  талғампаз  емес.  Жай  қоректік  орталарда  жақсы 

өседі: 37

0

С, рН 6.8-7.2, ЕПА және ЕПС. Сұйық қоректік ортада сорпаны лайландырады, 



тығыз  етті-пептонды  агарда  24  сағат  инкубацияда  бактериялар  -  нәзік,  дома-лақ,  тегіс, 

жартылай жарық колониялары - S-формада, диаметрі - 2-4 мм. R-формадағы колониялар 

жазық,  мөлдірлігі  төмен,  шет-тері  тегіс  емес.  Парасүзек  В  сальмонеллалардың  жас 

дақылдағы  колониялары  іш  сүзегі  мен  парасүзек  А  сальмонеллалар  колонияларынан 

ерекшелігі  бар:  олар  үлкен  және  бұлынғыр  болады.  18-20  сағат  термостатта  ұстағаннан 

соң,  1-2  тәулік  бөлме  температурасында  қалғанда,  колониялардың  шеттерінде  кілегейлі 

төмпешік пайда болады.  

Төмпешік  пайда  болуы  парасүзек  В  маңызды  диагноз  қою  белгісі,  басқа  сүзектердің 

сальмонеллаларынан айырмашылығы.  

Сұйық қоректік ортада барлық сальмонеллалар біркелкі лайландырады. 




21 

 

Науқастан  алынған  материалды  бірден  ексе,  сальмонеллалар  жәй  өседі.  Сондықтан 



оларды  көбейту  үшін  молайту  қоректік  орталарына  егеді:  Мюллер,  Кауфманн  және 

селенит сорпасына нәжіс, құсық массасы, зәр егіледі. Тағы элективтік орталар қолданады: 

Рапопорт және 10-20% өт сорпасына қан егіледі.  

Сальмонеллаларды  бөліп  алу  үшін  дифференциальды  Эндо,  Левин,  Плоскирев  және 

висмут-сульфит агары қажет. 18-20 сағат термостатта, бірінші  үш қоректік ортада өскен 

жағдайда,  сальмонеллалар  колониялары  -  түссіз  (себебі,  қоректік  орта  құрамына  кіретін 

лактозаны  ыдыратпайды).  Висмут-сульфит  агарда  жай  өседі,  48  сағат  инкубацияда  қара 

түсті колониялар көруге болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет