Сальмонеллалардың жіктелуі (антигендік құрылысы)
Сальмонеллалардың жіктелу негізіне олардың антигендік құрылысы жатыр.
Антигендік комплекс құрамына соматикалық О-антиген (термотұрақты) және талшықтық
Н-антиген (термоқұбылмалы) кіреді.
Сальмонеллалардың антигендік құрылысын зерттеген Уайт пен Кауфман
енбектерінде, сальмонеллалардың антигендері бір келкі емес, бөлек компоненттерден
тұрады. О-антигені бойынша барлық сальмонеллалар серологиялық О-топтарына
бөлінеді, латын әріптерімен белгіленеді - А, В, С, D, E және т.б. (60 топтан астам). Әр
топтың ішінде бірнеше О-антигендері бар, оларды араб сандарымен ажыратады 1, 2, 3, 4,
5 және т.б. Мысалы, В топтың О-антигені 4 әр түрлі компоненттерден құралған - 1, 4, 5,
12.
Талшықтық Н-антигендер де біркелкі емес. Олар екі фазадан тұрады. Әр фаза
құрамында өзінің антигендері болады.
1934 жылы А.Феликс және Р.Питт S.typhі О- және Н-антигендерінен басқа беткейлі
антиген (вирулентті антиген) Vі-антигенін ашты. Vі-антиген жас, таза дақылда кездеседі.
Ф.Кауффманн S.typhі Vі-антигені бойынша 3 топқа бөлді:
1) таза v-формасы (көптеген болуы мүмкін)
2) таза w-формасы (аздаған болуы мүмкін)
3) орташа vw-формасы
S.typhі барлық антигендері О-, Н- және Vі-антигендері иммуногенді қасиетке ие.
Фаготиптеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |