Жеке микробиология


Дифтерия қоздырғышы тудыратын аурулар



Pdf көрінісі
бет36/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Дифтерия қоздырғышы тудыратын аурулар  

1.  Жұтқыншақ дифтериясы  

2.  Мұрын дифтериясы  



31 

 

3.  Көздің дифтериясы  



4.  Құлақтың дифтериясы  

5.  Қынап дифтериясы 

6.  Жара беткеіндегі дифтерия  

 

Дифтерия  қоздырғышы  -  коринеформды  бактериялар  сыртқы  қоршаған  ортада  кең 



таралған, Corіnebacterіum туыстастығына жатады. Морфологиялық сипаттамасы  - клетка 

шеттері  бұршіктелген  (грек  сөзінен  coryne  -  түйреуіш),  тұрып  қалған  дақылдарда 

тармақтары болады, және цитоплазмада қосымша дәндері бар. 

Corіnebacterіum  туысы  көптеген  түрлерден  құралған,  оларды  негізгі  3  топқа 

біріктірген: 

1.  Адамға және жануарларға патогенді коринебактериялар 

2.  Өсімдіктерге патогенді коринебактериялар 

3.  Патогенді  емес  коринебактериялар.  Осылардың  көптеген  түрі  тері,  мұрын-

жұтқыншақ,  көздің,  тыныс  алу  жолдары,  уретра  мен  жыныстық  мүшелердің  кілегей 

қабығында қалыпты микрофлора құрамына кіреді.  



Морфологиясы. Corіnebacterіum dіphtherіae  - тік немесе имектелген қозғалмайтын 

таяқшалар,  ұзындығы  1.0-8.0  мкм  және  көлемі  0.3-0.8  мкм.,  спора,  капсуласы  жоқ,  кей 

штаммдарында микрокапсула бар. Таяқша бір немесе екі шетінде бұршіктері бар, волютин 

дәндерінен  тұрады,  олар  метилен  көкпен  бояғанда  көгілдір-пурпур  түс  береді.  Нейссер 

әдісімен  бояғанда  таяқша  сары  түсте,  ал  волютин  дәндері  -  қоныр-қара  түсте  боялады. 

Коринебактериялар  грам  оңды  таяқшалар,  бірақ  полиморфты  -  тұрып  қалған  дақылда 

және антибиотиктер әсерінен грам теріске ауысуы мүмкін. Бір дақылда әр түрлі көлемді 

таяқшалар  рим  әріптері  V,  X  немесе  түйіршек  секілді  орналасады.  Ал  патогенді  емес 

коринебактериялар  -  дифтероидтар  және  жалған  дифтериялық  таяқшалар  -  бір-біріне 

жабысқан  күйінде,  волютин  дәндері  тек  бір  жағында  орналасады  немесе  мүлдем 

болмайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет