Жеке микробиология


Басқа патогенді вибриондар



Pdf көрінісі
бет32/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Басқа патогенді вибриондар

Vіbrіo parahaemolytіcus - галофилді вибрион; Жапон елінде көптеген жедел диареялар 

қоздырғыштары  болып  тіркелген.  Осындай  жағдайлар  Оңтүстік-Шығыс  Азия,  Африка, 

Латын  Америка  елдерінде  және  туристер  арасында  диареяның  20%  қоздырып  отыр. 

Инфекцияның  негізгі  жұқтыру  көзі  -  теңіз  өсімдіктері  мен  жәндіктерден  дайындалған 

тағамдар,  ұзақ  уақыт  жылы  жерде  тұрып  қалғандықтан  және  дайындау  технологиясын 

бұзғандықтан. Сирек таралады - пісірілмеген моллюск пен балықтардан және тағамдарға 

теңіз  суы  шашыраған  жағдайда.  Қоздырғышта  энтерит  тудыратын  энтеротоксині  бар. 



26 

 

Клиникалық  көріністер  жұқтырылғандардың  50%  байқалады:  қатты  іш  ауруы,  сулы  көп 



мөлшерде  диарея  жұқтырылғаннан  кейін  24  сағатта  дамиды.  Ауру  өздігімен  жазылады, 

қайтадан  инфицирленуі  тіркелмеген.  Қатерлі  жағдайлары  тек  балалар  мен  кәрілер 

арасында  кездеседі.  Диагностикасы  Vіbrіo  cholerae  тудырған  тырысқақтай,  ТСВS-агарға 

егу  (сахарозаны  ферменттемейді,  сондықтан  колониялар  оливкі-жасыл  көк  түсте)  және 

орнитинді утилизациялайды.  

Vіbrіo  vulnіfіcus  Тихоокеан  мен  Атлантика  жағалауларында  микробтық  ценозы 

құрамына кіреді, моллюскалар (устрица, мидияларда, гребешоктарда ж.т.б.) қоздырғышты 

таратады.  Қоздырғыш  ерекшелігі  септицемия  және  іріңді  қабыну  процестерін  тудыра 

алады.  Септицемия  көбінесе  моллюск  қолданғанда  дамиды,  клиникасы  терінің  буллезді 

бұзылыстарымен  сипатталады.  Ауру  көбінесе  иммунитеті  төмен  адамдарда,  бауыры, 

бүйрегі  ауыратын  адамдарда  және  қантты  диабет  ауруы  бар  науқастарда  жиі  кездеседі. 

Аурудың  50%-і  қатерлі  жағдайға  әкеледі.  Жаралы  инфекциялар  ластанған  теңіз  суымен 

байланысты;  женіл  түрден  ауыр  түрі  газды  гангрена  секілді  өтеді.  Vіbrіo  vulnіfіcus 

тудырған  аурудың  ауырлығы  қоздырғыштың  патогенді  дәрежесі  мен  организмнің 

төзімділігіне  байланысты.  Патогенді  факторлары  -  капсула  -  бактерияны  фагоциттер 

шабуылынан  қорғайды,  фер-менттер  комплексі  (цитотоксин-гемолизин,  эластаза, 

коллагеназа фосфолипаза). Ауру цитохроматоз және бауыр циррозы бар науқастарда өте 

ауыр түрде өтеді (фагоциттер дефектісі басым және бактериялар қан айналымына түскен). 

Диагностикасы жоғарыда аталғандай өткізіледі. ТСВS-агарда колониялары сарғыш түсте, 

себебі  сахарозаны  ыдыратады  және  лактозаны  50%  ыдыратады.  Емдеу  үшін  интенсивті 

антимикробты  терапия  жүргізу  керек  -  гентамицин,  тетрациклин,  левомицетин.  Қауіпті 

топтарға кіретін адамдарға пісірілмеген теңіз өнімдерін жеуге болмайды және теңіз суға 

шомылуына тыйым салу керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет