Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет40/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

Патогенді  факторлары.  1.  Адгезия,  колонизация  және  инвазия  факторлары 

Дифтерия  таяқшасы  клеткаға  жабысуы  (адгезия)  қоздырғыштың  клетка  қабырғасы 

компоненттері  көмегімен  атқарады.  Қоздырғыштың  инвазивтік  қасиеті  гиалуронидаза, 

нейраминидаза және протеаза патогенді ферменттері түзілуімен байланысты.  

2.  Қоздырғыштың  клетка  қабырғасындағы  улы  гликолипид.  Оның  химиялық 

құрылысы  -  6-6

,

-диэфир  трегалоза,  құрамында  корине-микол  қышқылы  және 



коринемиколин  қышқылы  бар.  Улы  гликолипид  қоздырғыш  еңген  жеріндегі  ұлпа 

клеткаларын зақымдайды. 

3.  Экзотоксин,  қоздырғыштың  патогенділігін  күшейтеді  және  аурудың  патогенезін 

сипаттайды. Экзотоксині жоқ штаммдар дифтерия ауруын тудырмайды. 

Экзотоксин  активті  емес  түрде  түзіледі.  Оның  белсенуі  бактерияның  протеазасымен 

байланысты.  Экзотоксин  түзетін  коринебактериялар  хромосомасында  ортанғы 

конвертациялық профаг гені болу керек, сондықтан олардың активтенуіне лизогенизация 

процесі қажет. 

Дифтерия  коринебактериялардың  токсигенділігін  анықтау  үшін  келесі  әдістерді 

қолдануға болады:  

1.  Биологиялық  әдіс.  Теңіз  шошқаның  тері  ішіне  еңгізген  орынында  некроз  пайда 

болады.  Дифтерия  токсинінің  теңіз  шошқасын  минимальді  өлтіру  дозасы  20-30нг,  тері 

астына  е”гізген  со”  4-5  күнде  өледі.  Токсиннің  басты  әсері  бүйрекбезді  бұзу  -  олар 

ұлғайған және айқын гиперемиясы байқалады. 

2.  Тауық эмбрионың зақымдау - дифтерия токсині оны өлтіреді 

3.  Дақыл (культура) клеткаларын зақымдау  - дифтерия токсині  нақты цитопатиялық 

әсер береді. 

4.  Иммуноферментті  анализ,  пероксидаза  ферментімен  белгіленген  антитоксин 

қолдануымен жүргізіледі. 

5.  Тізбекті  полимеразды  реакция.  Дифтерия  бактерияларды”  хромосомасында  tox-

оперонды ДНК-зондымен ажырату. 

6.  Серологиялық әдіс - гелде қойылатын преципитация реакциясы. Негізгі принципі: 

стерилді  фильтр  қағазын  (көлемі  1.5х8  см)  антитоксикалық  дифтерияға  қарсы  сары 

суымен сіндіреді (1 мл - 500АЕ), тығыз қоректі ортасына салады, термостатта 15-20 мин 

кептіреді. Тексерілетін дақылдарды бляшка ретінде қағаздын екі жағына егеді. Контроль 

ретінде  токсигенді  штамм  егеді.  24-48  сағат  37

0

С  инкубациядан  соң  қорытындыларды 



есептейді.  Антитоксин  мен  токсин  байланысқан  орнында  нақты  преципитация  сызығы 

көрінеді, контрольдегі преципитация сызығына ұқсас болуы керек.  



Эпидемиологиясы.  Инфекцияның  жұқтыру  көзі  -  науқас  адам,  реконвалесцент 

немесе  сау  бактерия  тасымалдаушы.  Жұғу  жолдары  ауа-тамшы,  ауа-шаң  арқылы  және 

бірге қолданған заттар: ыдыс, кітап, ойыншықтар, киім т.б. Егер тағамдар инфицирленсе 

(сүт,  крем  т.б.)  ауру  алиментарлы  жолмен  жұғуы  мүмкін.  Қоздырғыштың  ең  көп 

мөлшерде  бөлінуі  аурудың  жедел  түрінде  байқалады.  Науқас  адам  аурудың  барлық 

уақытында  жұқтырады  және  реконвалесценция  кезінде.  Реконвалесценттердің 

тасымалдаушылығы орташа 2-7 апта, 3 ай созылуы да мүмкін. 



34 

 

Эпидемиологиялық  маңыздылығы  жоғары  -  бұл  дифтерия  бактерияларының 



токсигенді штамдарын тасымалдайтындар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет