Инфекциядан соң дамитын иммунитет тұрақты, өмір бойына қалыптасады,
қайтадан ауыруы сирек кездеседі 5-7%. Иммунитет антитоксикалық.
Дифтерияға қарсы иммунитет деңгейін бағалау үшін бұрын соң Шик реакциясын
қолданған. Дифтерия токсиннің аллергендік қасиеті жоғары болғандықтан соңғы кезде
пассивті гемагглютинация реакциясын сенсибилизацияланған дифтериялық анатоксин
кіретін эритроцитарлы диагностикуммен жүргізеді.
Лабораториялық диагностика . Басты диагностика әдісі - бактериологиялық,
міндетті түрде бөлінген дақылдын токсигенділігін анықтау қажет. Дифтерияға
бактериологиялық зерттеу үш жағдайда жүргізіледі:
Балалар мен ересектерде жұтқыншақ, мұрын, көмей аймағында өткір қабыну процесі
болғанда дифтерия диагностикасы.Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша дифтерия
қоздыр-ғышы бар науқаспен қатынаста болған адамдарды дифтерияға тексеру
1. Балалар үйіне, бала-бақшаға, мектеп-интернатқа, тағы басқа да арнайы
мекемелерге жаңадан келген балаларды дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылығына
тексереді.
Тексеруге жұтқыншақ, мұрын кілегейі, миндалиндерден қабыршақ және басқа кілегей
қабықтардан, егер қоздырғыш енген орыны күдіктенсе. Материалды теллуритті сары сулы
немесе қанды агарға, және ұйыған сары сулы Ру немесе Леффлер ортасына егеді,
қорытындысын 8-12 сағаттан соң есептейді. Бөлінген дақылды морфологиялық,
культуралді, биохимиялық қаситеттері бойынша, серо-, фаготиптеу арқылы
идентификациялайды. Міндетті түрде токсигенділікті анықтайды. Коринебактерийлердің
морфологиялық ерекшеліктерін жұғын-мазокты үш бояу әдістер қолдануымен жүргізген
дұрыс: Грам-, Нейссер бойынша, метилен көкпен.
Емі. Дифтерияның арнайы емі - дифтерияға қарсы антитоксикалық сары су (1 мл -
2000 МЕ). Сары суды бұлшық ет ішіне 10000-40000МЕ дозада енгізеді, дозасы ауру
ауырлығына байланысты. Эффективті емі ретінде антибиотиктерді (ПЕН, ТЕТ, ЭРИ) және
сульфаниламидті препараттарды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |