Дақылдық қасиеттері. Гемофилді бактерияларға жатады - қатал аэробтар,
хемоорганотрофтар. Оптималді өсу температурасы 35-36
0
С. Көкжөтел қоздырғышы S-
форма колониялар түзеді, ЕПА, ЕПС өспейді. Көкжөтел таяқшасы өсуіне 3 аминқышқыл
қажет етеді пролин, цистеин, глутамин қышқылы, оларды казеин гидролизін немесе
фасольді қоректі ортаға қосу керек. Көкжөтел таяқшасын өсіретін орта Борде-Жангу
ортасы (картоп-глицерин қосқан қанды агар) колония бір келкі, жылтыр, мөлдір купол
тәрізді жемчуг немесе металды” сынапты” жылтырын береді, көлемі 1 мм, 3-4 тәулікте
пайда болады. Басқа ортада казеинді-қөмір агарында (ККА- КУА) 3-4 тәулікте тегіс
дөнес колониялар сүр түсті, консис-тенциясы кілегейлі. Паракөкжөтел бактериялары
көкжөтел қоздырғышына ұқсас, бірақ көлемі үлкен, 2-3 тәулікте пайда болады, ал
Bordetella bronchіseptіca 1-2 тәулікте пайда болады.
Көкжөтел бактерияларыны” ерекшелігі өсу жағдай, температурасы, тағы басқа
36
жағдайлары өзгерген кезде бактерияны” дақылдық, серологиялық қасиеттері тез өзгереді,
патогенді қасиеттері жойылады.
Сүйық қоректі ортада өсуі диффузды лайлану, тұ”ба пайда болады, клеткалар үлкен
болып келеді. Борде-Жангу ортасында өскен колониялар аймағында гемолиз байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |