Жеке микробиология


Көкжөтел және паракөкжөтел микробиологиясы



Pdf көрінісі
бет44/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

Көкжөтел және паракөкжөтел микробиологиясы  

Көкжөтел - жас балаларда кездесетін жедел жұқпалы ауру, циклдық дамуы, спазмалы 

ұстамалы жөтелмен сипатталады.  

Қоздырғыш - Bordetella pertusіs - алғаш рет 1900 ж. бала қақырығында тапқан, сосын 

таза  өсіндісін  1906  ж.  Ж.Борде  мен  О.Жангу бөліп  алды.  Көкжөтелге  ұқсас,  бірақ женіл 

өтетін  ауру  қоздырғышын  -  Bordetella  parapertussіs  -  1937ж.  Г.Эльдеринг  пен  П.Кендрик 

ашты, олардан бөлек осы жылы - 1937ж. У.Бердфорд пен Б.Славинде дәлелдеді. Bordetella 

bronchіseptіca - адамда сирек кездесетін көкжөтелге ұқсас ауруының қоздырғышы 1911 ж. 

Н.Ферри  иттерден  тапты,  ал  адамдардан  -  1926ж. Браун.  1984  ж.  жа”а  түрін  анықтады  - 

Bordetella avіum, адамға патогенділігі әлі анықталған жоқ. 



Морфологиясы.  Бордетеллдер  грам  теріс  сопақша  таяқшалар  (коккобактериялар), 

көлемі 0.2-0.5х1.0-1.2 мкм. Паракөкжөтел таяқшасы осыған ұқсас, бірақ сәл үлкен (0.6х2 

мкм).  Спорасы  жоқ,  жас  дақылдарда,  және  макроорганизмнен  бөлінген  бактерияларда 

капсула бар. Бордетеллдер қозғалмайды, ал Bordetella bronchіseptіca – перитрих.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет