Лабораториялық диагностикасы. Ең маңызды зерттеу әдісі бактериоскопиялық
болып табылады. Зерттеу материялы шырыш немесе қырынды, зақымданған жердан ұлпа,
гистологиялық кесінділер болады. Алған материялдарды Циль –Нильсенмен бояйды.
Биологиялық сынаманы егеуқұйрыққа жасайды.
Емдеу. Лепраны емдеу арнайы емханаларда қатаң түрде жүргізіледі. Тері дақтары
пайда болысымен науқасты тексеру қажет. Емдеу бірнеше антибиотиктерді қатар
қолданып,
комплексті
түрде
жүргізіледі.
Көп
қолданылатын
перпараттарға
диафенилсульфон, солюсульфон, диуцифон, рифампицин, лампрен, этионамид жатады.
Химиотерапия курсы 6 айдан кем болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |