Жеке микробиология


Патогенез  және  клиникасы



Pdf көрінісі
бет56/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

 Патогенез  және  клиникасы.  M.  lepraе  шырышты  қабат  арқылы  тері  астына  еніп, 

лимфа  жүйесіне,  қан  айналым  жүйесіне,  жүйке  жүйесіне  баяу  таралып,  аса  қатты 

өзгерістер туғызбайды. Клиникалық, эпидемиологиялық және иммунологиялық тұрғыдан 

лепраның  бірнеше  формалары  болады:  туберкулоидты,  лепромотозды,  шекаралық-

туберкулоидты, шекаралық-лепромотозды. 

 Лепромотозды  форма  макрофактарды  зақымдайды.  Олар  фагоцитоз  процесін 

аяқтатпай  тастайды.  Туберкулоидты  форма  эпителий  жасушаларын  зақымдайды. 

Шекаралық  формалары  екі  ұлпаны  да  зақымдап,  қызметін  бұзады.  Бауыр,  көкбауыр, 

бүйрекүсті безі, жұлын, жыныс бездер, лимфалық түйіндер лепроматозды форма әсерінен 

көп зақымданады. 

 Туберкулоидты  формасы  лепраның  теріні,  перифериялық  жүйке  аяқтамаларын 

және  кейде  ішкі  мүшелерді  зақымдайды.  Ауру  стадиясына  байланысты  теріде  бірінші 

пигменттік  дақтар  пайда  болады.  Перифериялық  жүйке  жүйесінің  зақымдануы 

сезімталдықты азайтып, ақырында – салдану, саусақтардың контрактурасына, трофикалық 

жаралардың дамуына әкеледі. Бірақ оны емдеу лепромотозға қарағанда жеңілірек болады. 

 Лепромотозды  формасы  лепраның  терінің  әртүрлі  үлкен  көлемде  жараланып, 

шырышты  қабатта  микобактерияларды  анықтап  табады.  Симметриялық  мүшелерде 

пигменттік  дақтар  біршама  уақыт  өзгеріссіз  болып,  инфильтратқа  айналып,  ақырында 

лепромалар  пайда  болады.  Аурудың  ең  соңғы  сатыларында  тері  түктері  түсіп 

«арыстандық бет-әлпет» қалыптасады.  



 Иммунитет.  Лепрада  иммунитет  жасушалық  сипатта  болады.  Иммунитет 

туберкулоидты  формадан  лепромотозды  формаға  айналғанда  төмендейді.  Иммунитет 

белсенділігін  лепроминалық  сынама  арқылы  анықтайды  (Мицуд  реакциясы).  Аллерген 

ретінде  лепромин  қолданылады.0,1  мл  лепроминді  тері  астына  енгізеді.  Реакцияның  екі 

түрі болады: ерте 48 сағаттан кейін (гиперемия, кіші папула), кеш 2-4 аптадан кейін теріде 

төмпешік,  түйін,  кейде  некроз.  Иммунитеттің  төмендеуі  лепра  бактериясының 

макрофагтарға еніп, онда активтенеді және көбееді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет