Столбняктің микробиологиясы
Столбняк – жедел жарақаттың, токсикалық инфекция. Бұл қоздырғышпен көбіне
ауылшарушылықпен айналасатын адамдар зақымдалады. Әсіресе, жылы қандылар мен
ұсақ мүйізді жануарлар өте сезімтал. Қоздырғышы – с tetani. Алғаш рет 1883ж Манастр,
1884ж Николаермен анықталған. Бірақ, таза культурада тек 1889ж С. Китазата анықтады.
C tetani – тік таяқша. Ұзындығы – 2,4-5мкм, диаметрі – 0,5-1,1мкм, кейде ұзын жіптер
түзеді. Көпшілігі қозғалмалы (перитрихты). Спорасы дөңгелек, терминальды орналасады,
яғни, барабан таяқшасы сияқты көрініс береді. Грам оң, бірақ, екі культурада грам теріс
болуы мүмкін. Капсула түзбейді. ДНҚ-дағы Г+Ц 25 моль%. Өсу температурасы – 37
0
С.
Өсу диапазоны – 14-45
0
С. Китта-Тароцци ортасында баяу өседі.
C tetani – протеолитикалық қасиеті нашар, желатинді баяу гидролиздейді, инолды
түзбейді, нитратты нитритке айналдырады.
Антигені: Стобняктің қоздырғышы О және H антиген түзеді.
H антигені бойынша он серотобын ажыратады.
Резистенттілігі: C tetani-дің вегетативті формасы төзімді емес. Қайнатқанда 5 мин
ішінде жойылады. Ал спорасы әр түрлі физикалық және химиялық заттарға өте төзімді.
Олардың резистенттілігін жою үшін кем дегенде 1-3 сағат қажет. Автоклавта 120
0
C
температурада олар 40мин-тан соң жойылады.
1% сулем ерітіндісі, 5% фенол, формалин 12-14 сағат ішінде жойылады.
Кептірілген күйінде олар 10 жылдай сақталады. Сондықтан адам фенамиясы мен
араласқан топырақ адам мен жануар үшін өте патогенді болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |