Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет62/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

АУАЛЫ ГАНГРЕНАНЫҢ  

МИКРОБИОЛОГИЯСЫ 

 

Ауалы  гангрена  –  ауыр  инфекциялақ  ауру.  Мұнда  ұлпаның  ісінуі,  газтүзушілігі 

байқалады.Бірінші  рет  1562ж  А.  Паре  «госпитальды  гангрена»  атауымен  сипаттама 

берді.Ауалы  гангренаға  классикалық  сипаттаманы  1864ж  Н.Н.  Пирогов  берген.Ауалы 

гангрена  полимикробты  инфекция.  Оның  қоздырғыштарына:  c  sporogenes  жатады. 

Бұлардың ішіндегі маңыздысы с perfringens, c novyi болып табылады. 



Сlostridium perfringens. Алғаш 1892ж Гэлч және Г. Натталмен зерттеген. Адам мен 

жануар ішегінде дамиды. Спора оң, таяқшалы, ұзындығы – 3-9мкм, диаметрі – 0,9-1,3мкм. 

Спорасы  овальды,  субтерминальды  немесе  центральді  орналасады.  Жарадан  алынған 

материалды  сарысуда  өсірсе  капсула  түзіледі.  Температуралық  оптимумы  45

0

С,  20-50



0

С 

диапазонда өседі. ДНҚ-дағы Г+Ц 24-27 моль%. 



Сұйық  ортада  с  perfringens  тез  өседі,  лактозаны,  мальтозаны,  сахарозаны 

ферменттейді.  Ал  манитті  ферменттемейді.  Қанды  агарда  диаметрі  2-5мкм  коллонияны 

түзеді. Столбик агарында диск тәрізді, колония түзеді. 

С perfringens жоғары инвезивті, токсигенді.  C perfringens патогенді факторы оның 

экзотоксин  түзушілігінде.Оның  гемотоксикалық,  некротикалық,  нейротоксикалық, 

лейкотоксикалық  және  летальды  қасиеті  экзотоксиннің    компоненттерімен  тығыз 

байланысты.Алты  серологиялық  типі  бар:  A,  B,  C,  D,  E,  F.  А  серотипі  –  газды 

гангренаның ең қауіпті түрі. Оның токсинінің құрамы алты компоненттен (альфа (α), тэта 

(θ),  каппа (κ), мю (μ), ню (ν)) тұрады. 



46 

 

Clostridium  novyi  1894ж  Ф.Нови  ашқан.  Толық  полиморфты  грам  оң  таяқша, 

диаметрі  –  0,8-1,4мкм,  ұзындығы  –  1,6-2,5мкм,  көп  жағдайда  шынжыр  тәрізді,  2-5 

жасушадан  тұрады,  капсула  түзбейді,  перитрихты.  Спорасы  овальды  немесе  дөңгелек 

тәрізді,  субтерминальды  орналасуы  (аз  жағдайда  центральды).  Қатаң  анаэроб,  сұйық 

ортада  жақсы  өседі.  Қанды  агарда  сұр  колония  түзеді.  Глюкозаны,  мальтозаны 

ферменттейді, лактозаны ферменттемейді. Патогенділігі экзотоксин түзушілігінде. Токсин 

сонымен бірге гемолитикалық және летальды қасиетке ие. 

Басты  үш  токсині  –  А,  В,  С  кездеседі.  Оптимальды  өсу  температурасы  40-45

0

С 



дипазонда  жақсы  өседі.Clostridium  septium  1874ж  Л.  Пастер  және  Ж.  Жубер  мәйіттің 

қанынан анықтаған. С septium – жіңішке ұзын полиморфты таяқша, диаметрі – 1,1-1,6мкм, 

ұзындығы  –  3-4мкм.  Грам  оң,  перитрихты,  капсула  түзбейді.Спорасы  овальды, 

субтерминальды  орналасады.  Желатинді  гидролиздейді.  Глюкозаны,  лактозаны, 

мальтозаны ферменттейді, маннит пен сахарозаны ферменттемейді. C septium жануар мен 

адам  үшін  патогенді.  Экзотоксин  некротикалық,  гемолитикалық,  летальды  қасиетке  ие. 

Жануар  зақымдалса  –  серозды  қанды  ісік,  тері  түсі  –  қара-қызыл,  тері  асты  – 

клечаткасында ауа көпіршіктері болады.  



Clostridium  histolyticum  1916ж  Н.  Вейнберг  пен  Е.  Сегеном  анықтаған.  Тік 

таяқшалы ұзындығы 1,6-3,1 мкм, диаметрі 0,6-1мкм, қозғалады, перитрихты талшық бар, 

капсула  түзбейді,  спорасы  овальды,  субтерминальды  орналасады,  көмірсуды 

ферменттемейді. Сұйық орталарда жалпы тұнба түзеді. Колониясы компактты, дұрыс емес 

пішінді.  Қанды  агарда  колониясы  ұсақ,  мөлдір,  ұзын  гемолизді  болады.C  histolyticum 

желатинді  тез  ерітеді.  Егер  экзотоидті  жануарға  тамырішілік  жіберсе,  жануар  тез  арада 

өледі.C  histolyticum  табиғатта  аз  таралған.  Көбіне  топырақта,  тұрып  қалған  суда  және 

кейде адам ішегінде кездеседі. 



Clostridium sordelli 1922ж Р. Сордели анықтаған. Тік, грам оң, жуан, диаметрі – 1,1-

1,6мкм, ұзындығы – 3,1-4,5мкм. Кейде 3-төрт жасушадан шынжыр түзеді. Капсуласы жоқ, 

спорасы овальды, субтерминальды немесе центральды орналасады. Протеолиттік қасиетке 

ие. Желатинді тез ерітеді. 



Clostridium sporogens 1908ж И.И. Мечниковпен анықталды. Диаметрі – 0,3-0,4мкм, 

ұзындығы  –  1,4-6,6мкм,  грам  оң,  қозғалады  (перитрих),  капсула  түзбейді,  спорасы 

овальды, субтерминальды орналасады. 

Өсу температурасы 30-40

0

С, өсу диапазоны 25-45



0

С. ДНҚ-да Г+Ц 26моль%. 



Clostridium difficile алғаш рет 1935ж И. Холлом анықтаған. Сау адам организмінде 

3% кездеседі. Ұзындығы – 3,1-6,4мкм, диаметрі – 1,3-1,6мкм, капсула түзбейді. Спорасы 

овальды, субтерминальды орналасады. 

Оптимальды  өсу  температурасы  –  30-37

0

С.  Өсу  диапазоны  –  25-45



0

С.  ДНҚ-дағы 

Г+Ц 28%. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет