Патогенез және клиникасы. Зақымдалу түріне байланысты обаның бубонды, өкпелік,
ішектік түрлерін ажыратады: сирек-сепсистік және терілік (бүргенің тістеген орнында
іріңді көпіршіктің болуы). Оба кезінде инкубационды кезеңі бірнеше сағаттан 9 тәулікке
дейін өтеді. Қоздырғыш терінің ұсақ зақымдалулары, кейде шырышты қабаттар арқылы
немесе ауа-тамшылы жолмен еніп, аймақты лимфалық түйіндерге жетіп тез көбейеді.
Ауру кенеттен басталады: қатты бас ауырғанда, дене температурасының көтерілуі және
қалтырау, беті гиперемиялы, кейін ол қараяды, көз астында қарайғаны байқалады (қара
өлім). Екінші күнінде бубон (үлкейген қабынған лимфалық түйін) пайда болады. Кейде
аурудың жылдам дамуына байланысты бубонның шығуына дейін науқас өліп қалуы
мүмкін. Өкпелік оба ерекше ауыр түрде өтуі мүмкін. Ол бубонды обаның асқынуынан да,
ауа-тамшылы жолмен зақымдауынан да пайда болады. Бұл ауру да тез дамиды: қалтырау,
жоғары температура және бірінші сағаттарда кеуде қуысында ауырсыну сезімі қосылады,
жөтел, бірінші кезде құрғақ болып, кейіннен қанды қақырық бөліне бастайды; сандырақ,
цианоз, коллапс пайда болып, өлімге әкеледі. Өкпелік обамен ауыратын науқас қоршаған
ортаға қауіп төндіреді, себебі қақырықпен бірге қоздырғыштарды бөледі. Аурудың
дамуында негізгі рөлді фагоциттердің активтілігін тежеу болып табылады. Қан арқылы
қоздырғыштың бүкіл ағзаға таралуы мен көбеюі иммунды жүйені толығымен тежейді де
науқастың өліміне алып келеді. Постинфекциядан қалыптасатын иммунитет мықты және
өмір бойы сақталады. Қайталанып ауру өте сирек кездеседі. Иммунитеттің табиғаты -
жасушалық. Бірақ антиденелер пайда болып, иммунитеттің пайда болуында белгілі бір
қызмет атқарады. Көбінесе Т-лимфоциттер мен макрофагтар қатысады. Обамен ауырған
немесе вакцина жасалған адамдарда фагоциті аяқталған болып келеді де, жүре пайда
болған иммунитетті қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |