Жеке микробиология


Эпидемиялогия ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет78/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Эпидемиялогия ерекшеліктері:  бруцеллалардың негізгі  тасымалдаушылары қойлар, 

ешкілер,  ірі  қара мал,  шошқалар  және  солтүстік  бұғылар  болып  табылады.  Бірақта  олар 

басқа  көптеген  жануарларға  берілу  мүмкіндігі  жоғары.  Әсіресе  эпидемиялогиялық 

қауіптілігі  В.melitensis-ѕ  ірі  қара  малға  өтуі,  себебі  осы  кезде  ол  адам  үшін  патогенділік 

қасиеті  сақталынады.  Кездесетін  бруцеллездің  95-97%  В.melitensis  әсерінен  болады.  В. 

Аbortus аурудың латентті түрін туғызады, бірақ 1-3% клиникалық белгілері көрінеді. 

Жануарларда бруцеллез жалпы ауру түрінде өтеді, және оның көрінуі әр түрлі болып 

келеді. Ірі және ұсақ қара малға инфекционды аборттар тән. Шошқаларда аборттар сирек 

кездеседі.  Ауру  (созылмалы  сепсис)  буындарды,  жұмыртқаларды  зақымдаумен  өтеді. 

Ауру  арқылы  жануарлардан  қоздырғыш  сүт,  зәр,  нәжіс,  ірің,  әсіресе  ұрықты  түсіру 

кезінде, ұрық маңы қабықшалармен сыртқа шығады. 

Адам  жануарлардан  контактты  немесе  контакты-тұрмыстық  жолмен  (80-90%  барлық 

ауруларынан)  зақымдалады.  Алиментарлы  жолмен  пастеризациядан  өтпеген  сүт,  сүттен 

жасалған  тамақ  және  су  арқылы  зақымдалады.  Контактты  және  контактты-тұрмыстық 

жолмен  зақымдалған  жануарлармен  жұмыс  істейтін  барлық  адамдар  зақымдала  алады 

(бақташылар,  сауыншылар,  ветеринарлы  қызметшілер  және  басқалары).  Осы  кезде 

бруцеллалар адам ағзасына тері және ауыз, мұрын, көздің шырышты қабықтары арқылы 

енеді (кір қол арқылы). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет