Жеке микробиология


Патогенез  бен  клиникасының  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет79/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

Патогенез  бен  клиникасының  ерекшеліктері:  бруцеллез  кезіндегі  инкубациялық 

период 1 аптадан бірнеше айларға созылады. 

Лимфалық жолдар арқылы қоздырушы лимфа түйіндеріне түседі; көбейіп, «біріншілік 

бруцеллезді  комплекс»  түзеді,  оның  локализациясы  кіру  қақпасына  сәйкес  келеді, 

көбінесе ауыз қуысының, жұтқыншақтың, мойын, жақасты лимфа түйіндері  мен ішектің 

лимфалық  аппараты  зақымдалады.  Лимфалық  түйіндерден  қоздырғыш  қанға  түсіп,  қан 

ағымымен  таңдамалы  лимфа-гемопоэтикалық  жүйенің  ұлпаларын  зақымдайды. 

Бактериямия  мен  процестің  генерализациясы  ағзаның  аллергизациясына  әкеледі. 

Бруцеллез  созылмалы  сепсис  түрінде  өтеді.  Жасуша  ішінде  болуын  және  көбеюін 

бруцеллаларға  антиденелердің  де,  химиялық  заттардың  әсер  етуіне  де  кедергі  жасайды. 

Сонымен қоса, олар жасуша ішінде а-формаға айналуы мүмкін және осындай күйде ағзада 

ұзақ уақытқа дейін сақталады, ал бастапқы формаға келіп ауру рецидивін туғыза алды. 

Бруцеллез  клиникасы  әртүрлі  және  күрделі.  Оның  клиникасы  ағзаның 

аллергизациясына және интоксикатциясына, инфекционды процеске қандай мүшелер мен 

ұлпалар  қатысатындығына  байланысты.  Лимфалық,  тамырлық,  гипатолиональды, 

жүйкелік  және  тірек  қимыл  жүйелері  жиі  зақымдалады.  Бруцеллезге  ұзақ  ағымды  ауру 

тән,  ауыр  жағдайларға  көпке  созыған  жұмыс  қабілеттілігінің  жоғалуына  және  уақытша 

мүгедектілікке алып келеді, бірақ ауру толығымен жазылып кетуімен аяқталады. 



 


57 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет