Сібір түйнемесі микробиологиясы.
Сібір түйнемесі жануарлар мен адамның жедел инфекциялық ауруы болып
табылады.
B.anthracis Bacillaceae тұқымдастығына жатады. Бұл ірің таяқша ұзындығы 5-8,
кейде 10мкм, диаметр 1,0-1.5мкм. Тірі таяқшаларының ұштары сәл дөңгеленген, өлі
таяқшаларда олар кесілген сияқты және ішіне қарай иілген. Жұғындыда таяқшалар
жұптасып және өте жиі тізбектеліп орналасады. Сібір жарасының таяқшасы барлық
анилинді бояулармен боялынады, грам теріс. Талшықтары болмайды, спораларды түзеді,
бірақ адам ағзасынан немесе жануар ағзасынан тыс және оттегінің болуына және белгілі
бір ылғалдылықты ғана түзеді. Спора түзу үшін оптимум температурасы 30-35
0
С. Спора
орталықта орналасады, олардың диаметрі бактерия жасушасының диаметрінен аспайды.
Споралардың түзілуі энергия мен энергия көздері жеткіліксіздігіне немесе АҚ мен
негіздердің дефициті кезінде басталады. Сондықтан да қан мен ұлпаларда бұл энергия
көздері болатындықтан спора түзілуі болмайды. Сібір жарасы жануармен адам ағзасында
капсула түзбейді, қоректік орталарда ол өте сирек кездеседі. Патогенді бактериялардың
капсула түзуі қорғаныс механизмі болып табылады. Олар қан мен ұлпаларда болатын
факторлармен индуцирленеді, сондықтан да бактериялар капсуланы тек ағзада немесе қан,
плазма мен сарысу қосылған орталарда ғана түзеді.
Сібір жарасын қоздырушы аэроб және факультативті анаэроб. Өсу үшін
температуралы оптимум 37-38
0
С, орта рН 7,2-7,6. Қоректік орталармен күй талғамайды.
Тығыз қоректі ортада ірі кедір бұдыр R-формалы колонияларды түзеді. Таяқшалардың
тізбектеліп орналасуы және орталықтан кететін жіптердің түзілуі колониялардың
құрылысына арыстан басына ұқсас түрді береді. Пенициллині бар агарда үш сағат
бациллалар бөлек дөңгелектерге бөлініп кетеді, олар тізбектеліп орналасады, да маржан
ожерельесіне ұқсас болып орналасады. Сұйық қоректік ортада таяқшалардың R-
формалары түбінде мақта тәрізді тұнба түзіп өседі, бұл кезде мөлдір болып қалады.
B.anthracis R-формада ғана вирулентті, S-формаға өткенде өздерінің вируленттілігін
жоғалтады. Осындай таяқшалар тығыз ортада дөңгелек жазық түзу шекаралары бар
колонияларды түзеді, ал сорпада біркелкі бұлыңғырлануын түзеді. Сонымен қоса
жұғындыларда тізбектеліп орналасу қабілеттілігінен айырылып, коккобактериялар түріне
ие болып, шоғыр болып орналасады.
B.anthracis биохимиялық активтілікті көрсетеді: азсыз қышқыл түзімен глюкозаны,
сахарозаны, мальтозаны, трегалазаны ферменттейді, Н
2
S-ті түзеді, сүтті үгітеді және
пептонирлейді, каталаза оң, нитратредуктазасы бар.
B.anthracis басқа Baccilus түрлерінен ажырату үшін белгілер комплексі
қолданылады.
Антигенді құрамы. Адам немесе жануар ағзасында түзілетін соматикалық және
табиғаты ақуызды капсуланы антигені бар. Соматикалық антиген табиғаты бойынша
60
полисахарид термостабильді, көп уақытқа дейін сыртқы ортада немесе жануарлар
өліксесінде сақталады. Сібір жарасы таяқшасында Baccilus туыстығына ортақ антигендері
де бар.
Патогенділік факторлары. Сібір жарасы таяқшасының негізгі вируленттік факторы
капсула болып табылады. Капсуланың жойылуы вируленттілігінің жоғалуына әкеледі.
Капсула B.anthracis-ті фагацитоздан қорғайды. Жануарлардың өліміне жауапты тағы бір
вируленттілік факторы бар, ол токсиннің күрделі кешені болып табылады, әртүрлі үш
компоненті бар: ақуыз бен көмірсудан тұратын І фактор, және табиғаты таза ақуызды
тағы ІІ фактор (ІІ және ІІІ факторлар). Күрделі токсиннің синтезі рХ01 плазмадимен
бақыланады. р Х01 плазмида құрамында экзотоксиннің негізгі компоненттердің синтезін
анықтайтын үш ген бар:
Суа гені – ісіну факторы (JФ)
Рад гені- протективті антигені (ПА)
Let гені – летальдік факторы (ЛФ)
Суа генінің (JФ) өнімі эукариот жасушасында цАМФ-ң жиналуын катализдейтін
аденилатциклаза болып табылады. Ісіну факторы тамыр өткізгіштігін жоғарлатады.
Протективті антиген қорғаныс антиденелерінің синтезі идуцирлейді, летальдік
факторы жануарлар өліміне әкеледі. Токсиннің барлық үш компоненті синергидті әсер
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |