Жеке пәндердің (курстардың, юниттердің) сипаттамасы
Мамандығы «5В050600 - Экономика»
Пәннің/курстың/юниттің атауы
Статистика
Пәннің коды
Stat1204
Пәннің типі
Міндетті
Курстың/пәннің деңгейі
Бакалавриат, базалық пәндер циклі
Оқу жылы
1
Оқу семестрі
2
Кредиттер саны
3
Лектордың ТАЖ
ф-м.ғ.к., доцент Битимхан С.
Курстың мақсаты (оқытудың күтілетін мақсаттары және алынатын хабардарлық)
Статистикалық әдіснаманы зерттеу: статистикалық мәліметтерді жинаудың, өңдеудің, талдаудың жалпы қағидаларын, әдістерін, тәсілдерін зерттеу, кең ауқымды құбылыстар мен үрдістердің заңдылықтарын және тенденцияларын, олардың сандық сипаттамаларын зерттеу.
Пререквизиттері
Курстың/пәннің мазмұны
Статистика курсында кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық жағы олардың сапалық жағымен үзіліссіз байланыста зерттеледі; ақпараттарды жинау және өңдеудің, статистикалық өзара байланыстарды талдаудың жалпы тәсілдері зерттеледі.
Статистика курсы келесі бөлімдерді қамтиды:
Статистиканың зерзаты және міндеттері. Статистикалық бақылау. Статистикалық жинақтау және топтау. Абсолютті және қатысты шамалар. Орта шамалар және вариация (өзгермелілік) көрсеткіштері. Ішінара бақылау. Динамика қатарлары. Индекстер. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу. Халық және еңбек ресурстары статистикасы. Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.
Ұсынылатын әдебиет
Негізгі:
1. Әміреев Ы.Ә. Әлеуметтік-экономикалық статистика: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2012. -287 б.