Байланысты: Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компонеттері.
Құзіреттілік-тұлғаның жалпы қабілеттіліктерінің жиынтығы болса, ал коммуникативтік құзіреттілік-өз ана тілін және басқа тілді білудегі қабілеттілік қалыптасады.Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді.
1.Грамматикалық құзіреттілік
2.Социолингвистикалық құзіреттілік
3.Дискуссивті құзіреттілік
4.Стратегиялық құзіреттілік
5.Социомәдениеттік құзіреттілік
Өз іс-тәжірибемде осы бағыттар бойынша жұмыс істеп жүрмін.Оқушылар алған білім білік дағдыларын еш қиындықсыз күнделікті өмірде қолдана алады және белгілі бір білім сапасындағы өз құзіреттіліктерін анықтауға мүмкіндік алады.Осы құзіреттіліктерді қолдану оқушылардың білім сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді, яғни коммуникативтік оқытудың нәтижесі-оқушылардың жан-жақты қабілеттілігін анықтайды.Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастырып, дамыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады-тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді және бір уақытта дамиды.Ал бұлардың бәрін іс жүзінде қолдану үшін сабақтың әр түрлерін қолданып оқытамын.Сабаққа дайындалған кезде ең алдымен формаларды анықтап іріктеп аламын.Содан соң қандай нәтиже беретінін әртүрлі іс-шараларды өткізгенде байқаймын.Бұл формалар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін сабақтарымда әртүрлі белсенді тапсырмаларды енгіземін және бақылау жолдарын қарастырамын5-9 сыныптарда –негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгертемін.Оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізе білуге үйретемін, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға тырысамын.Ал 10-11 сыныптарда ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгертемін.Осы сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытамын.Қатысымдық құзіреттіліктердің қалыптасу деңгейін анықтау үшін деңгейлік тапсырмалар құрастырдым.Үш деңгейлік тапсырмалар оқушылардың алған білімдерін қабілеттеріне қарай тексеруге мүмкіндік береді.Оқушылардың қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастырып, дамыту үшін зерттеу жұмысын жүргіздім.
Нәтижесі: Коммуникативтік құзіреттілік оқушыларға өзін-өзі, басқаны, қоршаған ортаны, күнделікті өмірдегі жағдайларды шеше білуге, өзара әңгімелесуге, өз ойын жеткізе алуға көмектеседі.Қорытындылай келе сем сөзімді Антуан де Сент Экзюперидің сөзімен аяқтағым келеді Әлемдегі ең үлкен байлық-ол адамдардың қарым-қатынас байлығы –дейді.Ендеше сол қарым-қатынас құралы болып табылатын тілді меңгеру жолдарын дұрыс тауып, жас ұрпаққа сапалы білім берейік.
Жалпы алғанда, «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының педагогикадағы қолданылуы туралы мынадай көзқарастар қалыптасқан:
1. Бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені «мектеп бітірушінің дайындық деңгейі» және «оқу біліктіліктері» деген дәстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар.
2. «Құзырет» және «құзыреттілік» адамның тіршілік қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр және олар кәсіби іс-әрекеттің жоғары сапасын көрсетеді.
3. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдары алдағы уақытта оқушылардың мәдениеттанымдық іс-әрекетінің күрделі құрылымын бейнелеп, білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруі мүмкін.
Біз «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын нақты мазмұнмен толықтыру арқылы білім беруді, оның ішінде оқушының білімділігін жаңаша сипатта жандандыруға мүмкіндік береді деп есептейміз.
12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:
жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы;
жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;
күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы;
оқытудың сабақтастығы;
әрбір оқыту сатысының даралығы.
Оқушылардың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сөз қозғалған. Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін дамытады. Ал, мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.
2.Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1].
Ел президентінің 2011 жылғы жолдауында көрсетілгендей қазіргі шәкірттеріміз ертеңгі күн әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып және әлемдік білім берудің кеңістігіне бағыт алып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қолға алынуда.
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.
Елбасымыз 2010 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс деген болатын. Сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев ҚР 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық білім беруге көшуі іске асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға міндетті білім беруді және екі жыл ішінде бейінді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оқу бағдарламаларының мазмұны өмірде және мамандықта аса қажетті құзіреттіліктерді дамытуға бағытталатын болады деп көрсетті. [1.8б]
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты – әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірге белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бұл Елбасы Жолдауы талаптарымен ұштасады және жаңа саты маманын даярлайтын оқу орындарының міндетін айқындайды. Осыған сәйкес жаңа формация маманының басты міндеті- өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсендіруге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл болу.