Байланысты: Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, жеке тұлға компонеттері.
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технология-лармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Әлеуметтендіру идеясын жүзеге асыру тұтас педагогикалық үдерісте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай – ақ мектептің отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуын талап етеді. Әлеуметтендіру өзі өмір сүріп отырған қоғамға бара – бар өмір сүруі үшін индивидтің белгілі бір білім,нормалар мен құндылықтар жүйесін меңгеру үрдісі. Әлеуметтендіру адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне қарай қоғамдық қатынастар мен қарым – қатынас формалары, қызмет түрлерінің ендірілуі арқылы жүреді [№4, 28б].
Егеменді еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан өркендеп өсуі жас ұрпақтың қолында, сонымен қатар, олардың оқу орындарында алған білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Нарықтық қатынастар жағдайында білім беру мен кәсіби даярлау бағытындағы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басты міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, сонымен бірге түлектердің алған дипломдары барлық әлемге танылуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін болашақ мамандарды даярлауда қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру қажеттілігі туындайды. Республикамызда бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген, сауатты, білімдар, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жан-жақты дамыған құзыретті мамандарға деген сұраныстар көбеюде.
Қазақстандағы білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында қабылданған 12 жылдық оқытудың тұжырымдамасында білім мазмұнын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру мен оны халықаралық нормалармен үйлестіру турасындағы мәселелер көтеріліп, соған сәйкес негізгі міндеттер республикадағы білім жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалды. Білім беру саласының негізгі басымдылықтары ретінде нәтижеге бағытталған білім тұжырымдамасы даярланып, оның негізгі көрсеткіші ретінде құзырлылық ұстанымдарына көшу бағыты айқындалды.
Қоғам қазіргі заман мұғалімінен жоғары мәдениеттілікті, терең рухани және адамгершілік қасиетті құндылықтарға көзқарастың қалыптасқан жүйесін, ұстаздың өзінің шәкіртінің шығармашылық деңгейінің дамуына қызығушылық танытуын, инновациялық іс-әрекеттерге қабілеттілігін, өздігінен жетіле алуын, кәсіби белсенділікті және т.б. қамтамасыз етуді талап етеді.
Құзіреттіліктің қалыптасу процесі білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпымәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.
Білім болашаққа бағдарланатын болғандықтан, кез-келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі-білім алушының кәсіби құзіреттілігін дамыту. Құзірет-тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Ал құзіреттілік-адамның өзінің іс-әрекет саласына сай тәжірибесін көздейді.
Жаңашыл-педагогтардың оқыту барысындағы әрекеті.Баланы өз заманына сай,айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек,ондай жеке тұлға үшін ғылым,білім,эрудиция қоғамдық құндылық- тарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп,өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады.Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, оқушыны-біздің шәкіртімізді ақиқатқа жету тәсілдерімен,құнды біліктерімен қаруландыру,іс-әрекеті мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелілік қатынасын білдіре алу-оқушыға білім беру,дамыту және тәрбиелеу бір арнаға бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту үдерісінің мәні, міне,осында. Ең бастысы, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік,жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек.Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық,дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Әрбір жаңашыл педаготің тәжірибесі бірегей болса да,олардың ортақ идеялары да бар,олар:
-балаларға деген адамгершілік қатынас,әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;
-оқушының ішкі жан-дүниесін,оның мақсат-мүддесін,ынтасын,қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;
-оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу,оларды оқу-тәрбиелеу үдерісінің әріптесі қылу,баланың,тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;
-оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;
-балалар ұжымына сүйену: сабақ-ұжымдық еңбек,мұғалім мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;
-оқушыларға,мүмкін болған кезде,тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере алу;
-бағдарламалық материалды ірі блоктарға біріктіру және тірек-сүйеніштерді пайдалану (тірек ишаралар,сызбалар,кестелер,т.б.);
-оқушыларға ұжымдық және даралық өзін-өзі тани білу;
-оқушыларды ұжымдық,қоғамдықшығармашылыққа үйрету;
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып,жаңашыл ұстаз жағдайдың белсендіру әсерін жүзеге асырады,онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы;пікірталастар мен талқылауларға қатысуы;өз жолдастарына және мұғалімге сұрақ қоя алуы;жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу;артта қалған оқушыларды оқытуы;үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы;танымдық міндетті шешудің бірнеше түрін табуы;өзін-өзі тексеру үшін,өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін таңдау үшін жағдайлар ойластыруы;танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы.