Жексенбай н


БӨЛІМ II. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР



бет24/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

БӨЛІМ II. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

2. Зертханалық жұмыстың негізгі ережелері, химиялық реактивтер, ыдыстар және құралдар


Лабораториядағы техникалық қауіпсіздік ережелері.

Жұмыс басталудан бұрын реактивтер құйылған ыдыстағы реактивтерді тексеру керек және қажетті ыдыстарды (стакандар, пробиркалар, шыны таяқшалар және т. б. ) даярлау қажет.

Құрғақ реактивтерді шпатель көмегімен немесе қағаздан жасалған қалақшамен алу қажет.

Егер алынған тұнбаны немесе ерітіндіні біраз уақытқа қалдыру керек болса, онда ыдысқа этикетка жапсырып, бұл кімнің жұмысы, қанша уақытқа қалдырды, соны жазу керек.

Жұмысқа пайдаланылған күміс ерітіндісінің қалдығын төкпестен, оны арнайы ыдысқа жинау қажет. Күміс ионын тұз қышқылымен тұнбаға түсіріп, содан кейін оны күміске дейін тотықсыздандырады. AgCl тұнбасын күмісті бөліп алу үшін формальдегидпен немесе металдық темірді тұз қышқылының қатысуымен тотықсыздандырады,заттарды иіскеп, дәмін көруге болмайды.

Улы сұйық заттарды ешқашан ауызбен сорып, пипетканы толтырмайды. Ол үшін арнайы резиналы грушамен пипетканы пайдаланады.

Түтінді және улы газдар, булар бөле жүретін процестердің барлығы терезелері жабылатын арнайы шкафтарда жүргізіледі.

Этикеткасы жоқ реактивтерді қолдануға болмайды.

Құрыталған (кептірілген) тигельді столға қоймайды, оны арнайы кірпішті мраморлы столға қояды.

Реакция жүргізетін пробирка мен шыны ыдыстарды жайлап, мұқият қыздырады. Ыдысты еңкейтуге және оған үңіле қарауға болмайды. Ыдыстың ауызы жұмыс жасаушы және оның көршісінен қарсы бағытта болу керек.

Концентрлі қышқылды концентрлі сілтіге немесе керісінше құйуға болмайды.

Егер де байқаусызда, білместен концентрлі қышқыл мен сілті ерітіндісін төгіп алсаңыз, төгілген жерге құм себіңіз. Соңынан құмды алып, тазалау керек, ал төгілген орынды:

-қышқыл төгілсе әк немесе сода сеуіп, оны құрғағанша сүрту қажет;

-сілті төгілсе - әлсіз сірке қышқылы немесе кез келген басқа қышқылдармен жуып, сүрту қажет;

Есіңізде болсын! Концентрлі қышқыл мен сілтіні канализацияға құюға тыйым салынады!

Егер көзге ерітінді шашырап кетсе, онда тез арада сумен жуу қажет және де дәрігерге көріну қажет.

Судың буына, ыстық препаратқа, ыстық судың шашырандысына және еріткіштерге күйіп қалса, онда күйген орынды 5 – 10% KМnO4 ерітіндісімен сүрітіп, стерильденген марліні қою қажет.

Бұл лабораториялық практикум аналитикалық химияны оқитын технология мамандығындағы студенттерге арналған және лабораториялық жұмыстарды орындауға қолданылатын әдістемелік құрал болып табылады. Оқулық жоғары оқу орнына арналған бағдарлама және оқу жоспарына негізделіп жасалған.

Оқулықта гравиметрия мен титриметрияны классикалық талдау әдістері көрсетілген. Әрбір тарауда тақырыптың теориялық негізі және лабораториялық жұмысты орындау үшін қажетті практикалық түсініктер берілген. Гравиметрияға арналған лабораториялық жұмыстардың ішінде айдау әдісі мен тұнбаға түсіру кристаллды және аморфты тұнбалар әдістері қамтылған. Титриметриялық талдау әдістерінен: қышқылды-негізді титриметриялық әдіс, оксидиметрия әдісі және кешенді (комплексонометрия) әдістері берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет