БӨЛІМ 1. ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ Тақырып 1. Химиялықлық талдау әдістері және оның түрлері
Аналитикалық химияның теориялық негіздері қоғамтану пәнінің заңдары, Д. М. Менделеевтің периодтық заңы, зат массасының және энергияның сақталу заңы, заттың құрам тұрақтылық заңы, массалық әсерлесу заңы А. М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясынан құралады.
Аналитикалық химияда анализдеу мен синтездеу тығыз байланысты. Анализ-бұл заттардың құрам бөлігін анықтауға және химиялық қосылыстарды синтездеуге, түсті ерітінділерді, ерігіштігі аз кристалды заттарды зерттеуге негізделген.
Аналитикалық химияның әдістері.
Аналитикалық химия екі бөлімнен тұрады: химиялық (классткалық) және физика-химиялық анализ.
Химиялық талдау әдісі екі негізгі бөліктен тұрады:
а) гравиметриялық;
б) титриметриялық.
Физика - химиялық талдау әдісі:
а) оптикалық талдау және спектралды анализге;
б) электрохимиялық талдауға;
в) хроматографиялық анализге және т. б. бөлінеді.
Бұлардан да басқа әдістер бар, мысалы: металлдарды анықтау, судың кермектілігін анықтау, тамақ өнімдерін анализдеу, органикалық қосылыстарды анықтау. Соңғы жылдары компьютерді және математикалық әдістерді химиялық анализдерде кеңінен қолданып келеді.
Заттармен азық-түліктердің сапасын анықтау әдістеріне қойылатын талаптар:
Әдісті стандарттау және унификациялау;
Анализдеу әдістемесін бекіту;
Заттың сапасын көрсететін құжатта тіркеу. Аналитикалық сигнал.
Барлық аналитикалық әдістер аналитикалық сигналды өлшеу мен анықтауға негізделген.
Аналитикалық сигнал-бұл заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау үшін және компоненттердің сандық, сапалық мөлшерін табу үшін қолданатын факторлар.
Физикалық анализ әдісінде (химиялық реакциясыз) аналитикалық сигнал ретінде қайнау температурасын алады;
Гравиметриялық анализде аналитикалық сигнал ретінде тұнбаның массасын алады;
Титриметриметриалық анализде аналитикалық сигнал ретінде титрдың көлемі алынады.
Физико-химиялық анализ әдісінде аналитикалық сигнал ретінде физикалық мәндерді алады. Мысалы, тоқ күші, оптикалық тығыздық, электр өткізгіштіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |