Жексенбі Мөлдір Альтернативті энергия көздері МӨЖ 3 Тақырыбы: Жел энергиясы. Ауыл шаруашылығында жел энергиясын пайдаланудың негізгі бағыттары



бет2/3
Дата01.04.2022
өлшемі17,08 Kb.
#137597
1   2   3
Байланысты:
9-апта МӨЖ 3 Жексенбі Мөлдір Альтер. ист. эн.

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетика саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, «Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Республикамыздың барлық өңірінде жел қуаты жеткілікті. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Алматы облысының Қытаймен шекаралас аймағындағы 40-ендікте Еуразия мегабассейніндегі орасан зор ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы «жел полюсі» аталатын Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10-12 км, ұзындығы 80 км) табиғи «аэродинамикалық құбыр» болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш-Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8-7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4-5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мүнда трубиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда бұдан да басқа жел көздері жеткілікті: олар — Сөгіті жазығы (Алматы облысы), Қордай (Жамбыл облысы), Бейнеу, Жетібай (Маңғыстау облысы), Атырау, Индер, Мүғалжар өңірлері, Ерейментау, Сілеті (Ақмола облысы), Балқаш, Топар (Қарағанды облысы), Жоталы (Қызылорда облысы), Жалпақтау (Батыс Қазақстан облысы) және т.б. Форт-Шевченкода 45 күн жылдамдығы 15 м/с-тан асатын күшті жел соғады. Бұл өте мол энергия көзі.
Соңғы жылдары электр энергиясын желден алуға деген қызығушылық артты. Қазіргі уақытқа дейін қуаты әр түрлі жел қондырғылары тәжірибеден өтті. Сонымен бірге алып жел қондырғыларының эзірге қүрылысы қымбат, күшті тербелістен, шудан, жылдам істен шығуы өзін-өзі ақтамайды. Бір жүйеге топтасқан кішкене жел трубиналары кешені экономикалық жағынан тиімді болып келеді.
Бүгінде ел аумағындағы 40 мың шаруа қожалығына электр энергиясы жетіспейді. Олар үшін жел генераторларын орнату – барлық жағынан ұтымды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың «Tree Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорымен болған кездесуде осы мәселе айтылды.
Дизельді генеротормен салыстырғанда, жел энергетикасы алыс аймақта тұратын халықтар үшін өте экономикалық тиімді. Кіші желқондырғылары ауыл тұрғындары үшін мынандай мақсаттарда қолданылатынын айтып өтейік:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет