орталығы орнатылған жаңартулар мен антивирустық сканердің мәртебесін (статус)
де тексереді.
•
Автоматты түрде жаңарту
. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы автоматты
түрде жаңарту параметрлерінің талап етілетін параметрлерге сәйкес келетіндігін
тексереді, бұл маңызды жаңартулардың автоматты түрде жүктелуін және клиенттік
компьютерлерде орнатылуын қамтамасыз етеді. Егер автоматты түрде жаңарту
өшіріліп тұрса немесе белгіленген параметрлерге сәйкес келмесе, Қауіпсіздікті
қамтамасыз ету орталығы тиісті ұсыныстарды жасайды.
Егер осы компоненттердің кез-келгені жоқ болса немесе сіздің қауіпсіздік
саясатыңызға сәйкес келмесе, Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы тұтынушыға
есептер тақтасындағы хабарландыру аймағында қызыл белгіше көмегімен
хабарлама береді, сонымен қатар жүйеге кірген кезде ескерту жасайды. Ескертуде
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына сілтеме жасалып, туындаған мәселе
туралы ақпарат пен оны шешуге байланысты ұсыныстар жазылады.
Егер Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы анықтай алмайтын брандмауэр немесе
антивирустық программа қолданылса, онда бұл компоненттер үшін ескерту
хабарламаларын басып шығаруды алып тастауға болады.
Windows домені құрамындағы компьютерлерде Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
орталығының параметрлерін орталықтан басқару үшін топтық саясат параметрлерін
пайдалануға болады.
Егер Топтық саясаттың
Достарыңызбен бөлісу: