OSI үлгісі – желінің іс-әрекетінің негізі. Сондықтан да, егер Сіз желілік қосылыстарда OSI үлгісінің әртүрлі деңгейлерінің қалай әрекеттесетінін түсінсеңіз, шынайы желілік қосылыстардың желілік функцияларын анықтап біле аласыз.
9. Көп деңгейлі OSI жүйесінің анықтамасын беріңіз. Желіні стандарттау мәселесі қандай?
Желінің атқаратын қызметі деректерді бір компьютерден басқа компьютерге жіберу.
Хаттама–әрбір желілік операцияны реттеуші процедуралар
Стандартты хаттамалардың екі басты жұбы бар: OSI үлгісі ж/е оның модификациясы болып табылатын Project 802. 1984 жылы ISO (International Standards Organization) ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI (Open System Interconnection) үлгісін ұсынды. Содан бері ол халықаралық стандартқа айналды: желілік өнімдерді шығаруда өндірушілер осы үлгінің спецификацияларын пайдаланады, желілерді құруда да осы үлгіні ұстанады. OSI ашық жүйелердің өзара әрекеттесуін сипаттайды.
Кең мағынада ашық жүйе деп ашық спецификацияға сәйкес құрылған кез-келген жүйе (компьютер, есептеу желісі, ОЖ, программалық пакет, басқа да аппараттық ж\е программалық өнімдер) аталуы мүмкін.
Компьютерлік желілерде желілік әрекеттесу құралын жасаудағы көпдеңгейлі тәсіл - стандарттаудың идеологиялық негізі болып табылады. Осы тәсілдің негізінде ашық жүйенің әрекеттесуінің жеті деңгейлі моделі құрастырылды. Әр деңгей әрекеттесудің жеке анықталған аспектілерімен байланысты.
Әрекеттесу құралдарының 7 деңгейі:
1)Физикалық деңгей OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгейлерден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл деңгейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тәсілі ж/е де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге арналған.
2)Арналық деңгей кадрларды (frames) желілік деңгейден физикалық деңгейге жібереді. Кадрлар деректерді орналастыруға арналған логикалық ұйымдасқан құрылым. Арналық деңгей (Data Lіnk) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлардың дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді.
3)Желілік деңгей хабарламаларды адрестеуге ж/е логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады.
4)Транспорттық деңгей пакеттердің өз адресатына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді, пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын проблемаларды шешумен айналысады.
5)Сеанстық деңгейде желідегі 2 қосымша арасында байланысқа қажетті атауларды түсіну ж/е қорғау орындалады. Бұл деңгейде өзара әсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан ж/е қанша уақытқа созылатындығын анықтау жүзеге асырылады.
6)Көрсету деңгейі (Presentatіon) желілік компьютерлер арасында деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды. Көрсету деңгейі хаттамаларды түрлендіруге, деректерді таратуға, оларды шифрлеуге, қолданылатын символдар тобын ауыстыруға не/се өзгертуге (кодтау кестесі) графикалық бұйрықтарды кеңейтуге қатысады.
7)Қолданбалы деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды ж/е файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мәліметтер қорларын пайдалану, электрондық пошта, гипермәтіндік Web-беттер сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар (message) д.а.
10. Бұрылған жұпты және талшықты-оптикалық кабелді сипаттаңыз.
Талшықтық-оптикалық кабель — деректерді жарық көмегімен жылдам әрі сапалы тарататын кабель. Талшықты-оптикалық кабельді жасауда сәулежолдар пайдаланылады. Бұл сөулежолдардың әрқайсысының бірнеше қабат қаптармен қоршалуы олардың механикалық және оптикалық сипаттамасын жақсарта түседі. Мұндай қаптамалары бар сәулежолдарды оптикалық талшық деп атайды.
Талшықты-оптикалық кабель - бұл электрлік немесе мыс сымдарының басқа түрлерімен салыстырғанда түбегейлі өзгеше кабель түрі. Ондағы ақпарат электр сигналымен емес, жарықпен беріледі. Оның негізгі элементі мөлдір әйнек талшығы болып табылады, ол арқылы жарық үлкен қашықтықтарға дейін аздап төмендейді.
Талшықты-оптикалық кабель жұқа икемді шыны талшықтардан тұрады ,олар арқылы жарық сигналдары таралады. Бұл кабельдің ең сапалы түрі - ол деректерді өте жоғары жылдамдықта қамтамасыз етеді, сонымен қатар тарату ортасының басқа түрлеріне қарағанда жақсы, ол мәліметтерді сыртқы кедергілерден қорғайды.
Талшықты-оптикалық кабельдің құрылымы өте қарапайым және коаксиалды электр кабелінің құрылымына ұқсас, тек қана орталық мыс сымның орнына жұқа шыны талшықты қолданады, ал ішкі оқшаулаудың орнына жарықтың шыныдан тыс кетуіне мүмкіндік бермейтін шыны немесе пластикалық қабық қолданылады. Бұл жағдайда біз әр түрлі сыну көрсеткіштері бар екі заттың шекарасынан жарықтың жалпы ішкі шағылысу режимімен айналысамыз. Кабельдің металл қаптамасы әдетте жоқ, өйткені мұнда сыртқы электромагниттік кедергілерден қорғаныс қажет емес, бірақ кейде ол қоршаған ортадан механикалық қорғау үшін қолданылады .
Бұралған жұп қазіргі уақытта жергілікті желілерді құру үшін ең көп таралған кабель болып табылады. Кабель бұралған жұпты оқшауланған мыс өткізгіштерден тұрады. Әдеттегі кабель 8 өткізгішті (4 жұп) өткізеді, бірақ 4 өткізгіш (2 жұп) бар кабель де бар. Өткізгіштің ішкі оқшаулауының түстері қатаң стандартқа сәйкес келеді. Бұралған жұппен қосылған құрылғылар арасындағы қашықтық 100 метрден аспауы керек.
Қорғаудың қол жетімділігіне байланысты - бұралған жұптардың айналасында электрлік жерге қосылған мыс өрілген немесе алюминий фольга. Бұралған жұп компьютерлік желілерді құру үшін қолданылады. Бұралған жұпты экрандауға және қорғауға болады.Ол бір-біріне жұптасқан бір немесе бірнеше сымдардан тұрады, бұл сигналды қабылдау мен беруді жақсарту үшін жасалады.
11-сұрақ
Желінің құрылымдық элементтерін сипаттаңыз және жергілікті желідегі құрылғылардың рөлдерін түсіндіріңіз. ICMP хаттамасы.
Желілік құрылғылар
• Тараптар
• Қайталаушылар
• Сигналдар Белгілер
• Концентраторлар
• Сүзгілер
• Порттар
• Домендер
• Көпірлер
• Бағыттауыштар
Торап дегеніміз желілік байланыстың соңғы
нүктесі немесе желідегі екі немесе оданда көп арналардың ортақ өту нүктесі.
Процессорлар(жүйелік блоктар), контроллерлер, жұмыс станциялары тораптар бола алады. Олар
маршуртизациялау тəсілімен жəне басқа да мүмкіндіктерімен ерекшеленеді, олар байланыс
арналарымен қосылуы мүмкін жəне желілерді басқару нүктелері қызметін атқарады.»Торап»
термині желіге қатыса алатын кез келегн объектіні белгілеу үшін кең мағынада қолданылады жəне
де «құрылғы » терминінің синонимі ретінде де қолданылады.
Қайталауыштар
Мəліметтерді жіберу ортасы секілді, қайталауыштар OSI моделінің 1 сатысына қатысты. Қайталауышы қалай
жұмыс істейтінін түсіну желіге жіберілмес бұрын мəліметтер мəліметтерді жіберу ортасымен орын ауыстыратын
электірлік жəне сəулелік импультарға айналуын ескеру қажет. Бұл импульстар сигналдар деп аталады. Сигналдар
жіберетін станциялар шыққанда анық əрі оңай байқалатын болады.
Бірақ кабель қаншалықты ұзын болса, соншалықты сигнал да нашарлай береді. Ақырында бұл сигналдың дұрыс
анықталмауына алып келеді. Мысалы, Enternet кабельдің 5 категориясының бұралған жұбы үшін спецификациялар
100 метр, сигналдың берілу қашықтығын белгілейді. Егер сигнал 100 метрден артық өтсе, онда желілік адаптер
сигналды дұрыс анықтауына кепілдік жоқ.. Егер мұндай мəселе болып жатса, онда оны қайталаушының көмегімен
оңай шешуге болады.
Канцентраторлар
Канцентраторлар Жергілікті жердегі əрбір станция белгілі бір жіберу ортасы арқылы қосылады. Ережеге сəйкес, əрбір файл сервердің бір ғана желілік адаптері болады. Нəтижесінде, барлық жұмыс станцияларының файл серверге қосылуы мүмкін емес. Бұл мəселені шешу үшін, көп таралған желілік құрылғы болып табылатын концентраторлар қолданылады. Жалпы айтқанда, концентраторлар термині қайталаушы терминінің орнына қолданылады :желі орталығы қызметін атқаратын құрылғы жайында айтылғанда. Төменде концентратордың ең маңызды ерекшеліктері көрсетілген.
КӨПІРЛЕР
Көпірлер ОSI эталондық моделдің екі деңгейінде жұмыс жасайды жəне де жоғарғы деңгейлі мəліметтерді зерттеумен айналыспайды.Көпір қажет емес трафиктерді түзеп,келеңсіз жағдайларды тудырмау үшін арналған.Бұл желілерді сегменттерге бөліп, трафикті фильтрлеп пунктке тағайндау немесе МАС мекенжай көмегімен жүзеге асырылады.Көпірлер трафикті тек МАС мекенжай арқылы ғана фильтрлейді, сондықтан олар трафикті кез келген желі деңгейіне жылдам өткізе алады.Көпірлер тек МАС мекенжайларды тексеретін болғандықтан, пратаколдың оған еш қатысы жоқ.Көпірлер сондай ақ пакеттерді ары қарай өткізу, өткізбеуіне қадағалайды.Көпірдің ең тиімді қасиетін атап көрсетуге болады: Олар концентраторларға қарағанда интелектуальды келген пакетті анализ жасап оның негізгі мəлімет мекен жайына жіберу, жібермеуіне қарайды. Екі желі сегменттерінің арасындағы пакетті қабылдайды жəне жібереді. Желідегі кең таралған пакеттерді басқарады. Ішкі мекен жай адресін енгізеді.
ІСМР хаттамасы
ІСМР (Internet Control Message Protocol) - бұл IP біріктірілген желінің шеңберіндегі міндеттерді атқарады. Негізгі міндетке (бағыттың қабыл алынбауы жөнінде қайнар көзге хабарлау) қосымша мынандай міндеттерді атқарады: біріктірілген желіде қайталаушылық қабілетін тексеру әдісі (Echo және Reply ІСМР мәліметтері); тиімді маршруттауға жағдай жасау әдісі {Redirect ІСМР мәліметі - ІСМР-ні басқа адрес жіберу); белгілі бір дейтаграмма желідегі уақыттың шегінен шықаны жайлы қайнар көзіне хабарлау әдісі (Time Exceeded ІСМР мәліметі - "уақыт шектен шығуы") және тағы басқа қажетті мәліметтер.
Бұл берілген ІСМР-ның қосымша міндеттері жаңа тараптар үшін желі аралығында қолданылатын желі маскасын табу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жалпы, ІСМР - барлық IP іске асыратын қызметінің интегралды бөлігі болып табылады.
12-сұрақ
Желіге қосылудың негізгі талаптарын сипаттаңыз. Сымсыз желі.
Ақпаратты сымсыз таратудың заманауи технологиялары көптеген компанияларда, кәсіби тұрғыда кеңінен қолданылады, сонымен қатар тұрғылықты тұрмыста қолдану кезінде компьютерлік желілерді құруға мүмкіндік береді. Ақпаратты сымсыз тарату аймағындағы жаңа аппараттық шешімдер бір мекеменің көлемінде сымсыз компьютерлік желілерді құруға мүмкіндік береді және бүкіл қала масштабында желіні таратады. Ноутбугі немесе қалталы компьютерлік құрылғысы бар сымсыз желінің пайдаланушысы бүгінгі таңда жергілікті сымды есептеу желісіне тиісті емес, керісінше ол желіге қосулы күйінде басқа бөлмеге немесе басқа ғимаратқа да орын ауыстырғанда да жұмысын үзбейді. Роумингпен қамтамасыз ету пайдаланушыларға сымсыз желі аймағында желіде тұрақты қосулы болуын қамтамасыз етеді. Жұмыс бабымен жан жаққа көп баратын жұмысшылар үшін, сымсыз байланыс түрі ең ыңғайлы болып табылады
Сымсыз компьютерлік желілерді желі кабельдерін орнату кезіндегі кедергі тудырылып жатқан мекемелерде уақытша орнатуға болады. Сымсыз желілерді орналастыру мен оның конфигурациясын іске асыру оңай болып табылады. Сымсыз байланыс желісі базалық станция негізінде құралады (Access Point – қолжетімділік нүктесі). Бір қолжетімділік нүктесінің қамту аймағының радиусы 100 метр шамасына тең. Сонымен қатар бір қолжетімділік нүктесі бір уақыт мезетінде көптеген тұтынушыларды қамтамасыздандыра алады және ақпаратты тарату жоғары жылдамдыққа ие. Қолжетімділік нүктесі арқылы сымсыз жұмыс істейтін станциялар, ноутбук, сымсыз байланыс модулімен қамтылған қалталы құрылғылар сымсыз компьютерлік желіде қосылады, оның өнімділігі бір уақытта бірдей жұмыс істеп отырған құрылғылар санына байланысты болады. Сымсыз желілердің өнімділігін жоғарлату үшін қосымша қолжетімділік нүктелері орнатылады.
Wi – Fi технологиясы – Ethernet стандартының сымсыз желі аналогы, оның негізінде бүгінгі таңда көптеген кеңселердегі компьютерлік желілер байланыстырылған. Ол 1999 жылы тіркеліп, қызмет ету аясы тікелей ноутбуктер мен компьютерлер, мобильдік құрылғыларға байланысты менеджерлер, сауда агенттері, кеңсе қызметкерлері және тағы басқалары үшін үлкен жаңалық болды.
Wi – Fi – ағылшынның «Wireless Fidelity» сөзінен шыққан, ол сымсыз желі (радио) байланысының стандартын білдіреді, бірнеше хаттамаларды біріктірген IEEE 802.11 ресми атауына ие (Institute of Electrical and Electronic Engineers – электрондық технологиялар саласындағы стандарттарды өңдеумен айналысатын халықаралық ұйымы берген стандарт). Қазіргі таңда кеңінен таралған және баршаға танымал – IEEE 802.11b хаттамасы болып табылады (көбінесе Wi – Fi деген қысқартылған атаумен осы хаттама аталады). IEEE 802.11b хаттамасында ақпараттарды жіберу 2.4 – 2.4835 ГГц – ке дейінгі жиілік диапазонының аралығында, 11 Мбит/сек максималды жылдамдығымен қамтамасыз етілген сымсыз желінің қызметі анықталады. Сигналдарды жіберудің ең үлкен қашықтығы 100 метр аралығында, бірақ ашық жерлерде оның мәні 300–ден 400 метрге дейін жетуі мүмкін.
13-сұрақ
Желі арқылы ақпарат беруде стандарттар мен хаттамалардың маңыздылығын түсіндіру. DHCP хаттамасы.
Хаттама – компьютерлер өзара байланысатын ережелер жиынтығы. Халықаралық стандарт OSI/ISO (Open Systems Interconnect, ISO- стандартизация бойынша ұйымдастырудың халықаралық аты) хаттамадардың 7 деңгейін қарастырады солардың ішінде деректерді жіберудегі желілік режимді қамтамасыздандыратын желілік деңгейдегі хаттамадар (ең көп таралғаны Х.25 деп аталады), желінің әртүрлі хост-машиналар арасындағы байланысқа жауап беретін транспорттық хаттамалар.Қолданбалы хаттамалар өзінің жұмысын OSI моделінің жоғарғы деңгейінде атқарады. Олар мәлімет алмасуды және қосымшалармен әрекет етуін қамтамасыз; етеді.
DHCP(Dynamic Host Configuration Protocol– түйіннің динамикалық конфигурациясынынң хаттамасы) – компьютерлерге автоматты түрде IP-адрестерді және TCP/IP желісінде жұмыс істеу үшін қажетті басқа да параметрлерді алуға мүмкіндік беретін желілік хаттама.
DHCP – клиент – интернетке қосылған ЭЕМ болып табылады. Ол конфигурациялық параметрлерді алу үшін DHCP пайдаланады.
DHCP – сервер – интернетке қосылған ұйымболып табылады. Ол клиентке конфигурация параметрлерін жібереді.
DHCP хаттамасының функциялары және конфигурациясы:
1) IP-ді автоматты түрде орнату керек сегменттерді анықтау.
2) IP-ді автоматты түрде орнату тәсілін таңдау. Ол үшін келесі тәсілдердің бірін таңдау керек:
А) DHCP-сервер. Әр географиялық сегментте тым болмағанда бір DHCP сервер болу керек. Бір DHCP сервер 15000 тұтынушыны қолдайды. Ал қосымша серверлерді әдетте қол жетімділік пен жұмысты тездету үшін орнатады.
Б) DHCP ретрансляциялау агенттері. Ол DHCP-сервермен тікелей жалғанбаған сегменттерде орнатылады. Олар кеңжолақты пакеттерді қабылдайды, сұраныстарды бірадрессті пакеттерге өзгертеді де белгілі DHCP-серверге жібереді. Бір агент 1000 компьютер клиенттерді қолдайды.
В) Маршрутизаторда DHCP/BOOTP қайта жіберуді қосу. BOOTP-жүктеу хаттамасы- дискісіз жұмыс станцияларына жүктеу кезінде желілік қол жетімділікті алуға мүмкіндік береді. DHCP/BOOTP қайта сілтеуін DHCP-сервермен тікелей қосылмаған желілік сегмент маршрутизаторларында орнатады. Ол тек DHCP кеңжолақты трафикті ғана жиберетіндіктен кеңжолақты трафикті минималдайды. Бұл тәсілдің басты артықшылығы қосымша құрылғыларды немесе программалық жабдықтауларды алуды қажет етпейді.
3) DHCP аймағы мен параметрлерін анықтау. Аймақ- ол DHCP-сервер қадағалайтын IP-адрестер диапазоны. Аймақ параметрі- DHCP клиенттердің конфигурациясын анықтайды. DHCP аймағынан қолдан берілген IP-едрестерді шығарып тастау керек. Бұл:
- IP-маршрутизаторларды;
- Брэндмаузерлерді;
- Серверлерді;
- Шлюздерді;
- Кез келген ОЖ мен DHCP көмегімен конфигурациялауға келмейтін құрылғыларды.
14-cұрақ Желіде маршрутизаторлар мен коммутаторлардың маңыздылығын түсіндіріңіз. Желілік мекен-жай. HTTP хаттамасы.
Маршрут – бұл пакетті таратушыдан белгіленген пунктке дейін өтуге тиісті жол ауыстыру тізбегі.Маршрутизатор - телекоммуникациялық құрылғы, олардың желіге жалғанатын бірнеше порттары болады. Маршрутизаторлардың әр портын желінің жеке тораптары ретінде қарастыруға болады: оның меншікті желілік адресі және өзіне жалғанған ішкі желідегі меншікті жергілікті адресі бар. Яғни, маршрутизаторларды әрқайсысы өз желісіне кіретін бірнеше тораптардың жиынтығы деп қарастыруға болады. Біріккен құрылғыға сай маршрутизаторлардың жеке желілік адресі де, ешқандай жергілікті адресі де болмайды.
Коммутатор электрлік тізбекті жалғастыруға, ажыратуға және ауыстырып қосуға арналған электрмеханикалық, электронды немесе электронды-сәулелік қондырғы. К-дың қарапайым және аса күрделі түрлері бар. Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефон, телеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған. Жалғастыру тәсілдеріне байланысты коммутаторлар қолмен жұмыс істейтін және автоматты қызмет кәрсету болып бөлінеді. Қолмен қызмет көрсетуде коммутацияны оператор жүзеге асырады. Автоматты қызмет көрсетуде коммутация оператордың қатысынсыз шеттік аппараттардан келетін сигналдар бойынша орындалады. Жалғастыру тәсіліне қарай арналар коммутаторлары және байланыс коммутаторлары болып бөлінеді. Арналар коммуникациясында ақпаратты беру үшін тораптар желісі арқылы бір шеттік пунктті екіншісімен қосатын кедергісіз арналар ұйымдастырылады. Байланыс коммуникациясында берілуге тиісті ақпарат мекен-жайымен бірге сәйкес аппаратураға беріледі және есте сақтау қондыргысында сақталады. Сонан соң белгіленген пунктте аралық пунктердің қайта қабылдап-беруі арқылы беріледі. Коммутаторларды сондай-ақ абонент желілері мен арналарының санына карай да айырады.
IP-адрес - бұл мысалы, 109.26.17.100 түріндегі тетрадамен жазылатын бірегей идентификатор. Бұл нөмір компьютерге тұрақты түрде немесе динамикалық түрде бекітілуі мүмкін, яғни қолданушы провайдермен қосылғанда, кез келген уақытта Интернетте IP-адрестері бірдей екі компьютер болмайды. Бұл адрес желілік деңгейде қолданылады.
HTTP хаттамасы бойынша жұмыс келесі түрде жүргізіледі: программа-клиент сервермен TCP-байланысты орнатады (порттың стандартты нөмірі -80) және оған HTTP-сұраныс жібереді. Сервер бұл сұранысты өңдеп, клиентке HTTP-жауап жібереді.
HTTP-сұраныстың құрылымы.HTTP-сұраныс бос қатармен бөлініп жазылған сұраныстың тақырыбымен сұраныс денесінен тұрады. Сұраныс денесі болмауы да мүмкін. Сұраныс тақырыбы сұраныстың негізгі (бірінші) қатарынан және негізгі қатардағыларды анықтай түсетін келесі қатарлардан тұрады. Келесі қатарлардың да болмауы мүмкін. Негізгі қатардағы сұраныс бос орынмен бөлінген үш бөлімнен тұрады:
1. Әдіс (басқаша айтқанда, http командасы):
· GET – құжат сұранысы. Анағұрлым көп қолданылатын әдіс; HTTP/0.9-да, осы әдіс қана болған.
· HEAD – құжат тақырыбына сұраныс. GET-тен, тек құжат жөнінде ақпарат жазылған тақырып сұранысы шығарылатындығымен ерекшеленеді. Құжаттың өзі шығарылмайды.
· POST – бұл әдіс мәліметтерді CGI-скрипттеріне жіберу үшін қолданылады. Мәліметтердің өзі келесі қатарларда параметрлер түрінде орналасады.
· PUT – құжатты серверге орналастыру. Сирек қолданылады. Бұл әдіс қолданылған сұраныс құжаттың өзі жіберілетін бөліктен тұрады.
15. Ethernet желілерінің қағидаларын сипаттаңыз. Физикалық және логикалық адрестеу. Пошталық хаттама.
Ethernet бөлінетін деректердің беріліс ортасына кездейсоқ ену принципіне негізделген. Бұл орта ретінде жуан немесе жіңішке коаксиал кабель, шиыршықталған жұп, оптикалық талшық немесе радиотолқындар қолданылады.
Ethernet стандартында электрлік байланыс топологиясы қатаң бекітілген. Компьютерлер бөлінетін ортаға "ортақ шина" типтік құрылымына сәйкес қосылады. Уақыт бойынша бөлінетін шинаның көмегімен екі компьютер өзара деректер алмаса алады. Байланыс жолдарына Енуді басқару арнайы бақылауыштардың, Ethernet –тің желілік адаптерлерінің көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір компьютердің, дәлірек айтқанда, әрбір желілік адаптердің ерекше адресі бар. Деректердің берілісі 10 Мбит/с жылдамдықпен жүзеге асырылады. Бұл шама Ethernet желісінің өткізу қабілетін көрсетеді.
Ethernet желісінің кең таралуына жол ашқан негізгі артықшылығы – оның үнемділігінде. Желіні құру үшін әрбір компьютерге бір-бірден желілік адаптер және коаксиал кабельдің керекті ұзындықты физикалық сегменті болса жеткілікті. Мұнымен қатар Ethernet желілерінде ортаға енудің, адрестеудің және деректер берілісінің қарапайым алгоритмдері орындалған. Желі жұмысының логикасының қарапайымдылығы оның жеңілдетуіне, соған сәйкес желілік адаптерлер мен олардың драйверінің арзандауына әкеледі. Осыған байланысты Ethernet желісінің адаптерлерінің сенімділігі жоғары. Ethernet желісінің тағы бір тамаша қасиеті – оның жеңіл ұзаруында, яғни желіге қосымша түйіндерді жеңіл қосуға болатындығында.
Ethernet желілері бастапқы және тағайындалған тораптарды анықтау үшін ұқсас әдісті қолданады. Ethernet-ке қосылған әрбір түйінге физикалық адрес беріледі, ол желіде оның идентификаторы ретінде қызмет етеді.
Өндіріс кезінде барлық Ethernet желілік интерфейстеріне физикалық мекен-жай беріледі. Ол қол жеткізуді басқарудың орташа адресі (MAC мекен-жайы) деп аталады. MAC мекенжайы желідегі әр бастапқы түйінді және әрбір тағайындалған түйінді анықтайды.
Ethernet желілері тораптар мен желілік құрылғыларды қосатын мыс немесе талшықты-оптикалық кабельдер арқылы бағытталады. Олар түйіндер арасындағы байланыс арнасын білдіреді.
IP мекенжайы адамның тұрғылықты жерінің мекен-жайына ұқсас. Ол логикалық мекен-жай деп аталады, өйткені ол түйіннің орналасуына байланысты логикалық түрде тағайындалады. IP мекенжайы немесе желінің мекен-жайы торап әкімшісіне жергілікті желінің сипаттамаларына негізделіп тағайындалады.
Физикалық MAC мекен-жайы және логикалық IP мекен-жайы компьютерге иерархиялық желіде деректерді алмасу үшін, адамның аты мен мекен-жайы хат жіберу үшін қажет.
Электрондық поштаның құжаттарды жіберуді ұйымдастыру тұрғысынан кәдімгі пошталарға қарағанда көп ұқсастықтары бар. Интернет-сайттар пошта бөлімшелерінің рөлін атқарады. Құжатты дайындағаннан кейін сіз онда арнайы мекенжайды көрсетіп, оны жергілікті «пошта бөлімшесі» - сайтқа жіберуіңіз керек. Онда хат пошта серверінің қатты дискісіндегі арнайы қалтада сақталады. Кейде құжаттар көрсетілген мекен-жай бойынша Интернетке жіберіледі. Құжаттарды алғаннан кейін, тағайындалған сервер оларды өз қалтасында орналастырады, ол жерден адресатыңыз оларды кез келген уақытта ала алады.
Электрондық пошта үшін арнайы хаттамалар жасалды. Қазіргі уақытта үш негізгі хаттамалар пайдаланылуда:
POP3 (Post Office Protocol) - пошта байланысының протоколы (ескі, бірақ бүгін жарамды);
SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) - қарапайым пошта жіберу протоколы;
IMAR (Интернет хабарламаларына қол жеткізу протоколы) - хабарламаларға Интернетке қол жеткізу протоколы.
20. Түйіндер аттарын анықтау. TCP хаттамасы. Негізгі функциялары.
ТСР – Транспорт деңгейінде орындалатын протокол.Ақпаратты желіге жіберер алдында, байланыстың логикалық орын алғанын анықтап,жұмысын бастайды.
TCP / IP стекінің транспорт деңгейінде екі негізгі хаттама қолданылады: TCP және UDP. Транспорт қабатының функциялары туралы жалпы идеяны тиісті мақалада алуға болады. Бұл мәтін көлік деңгейінде деректерді сенімді жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын TCP (Transmission Control Protocol) протоколына назар аударады.
TCP және UDP өңдейтін ортақ транспорт қабаттары бар. Негізгі міндеттер шын мәнінде екі: қосымшалар деңгейінен келетін мәліметтерді сегментациялау және порттарды қолдана отырып, қосымшаларға бағыттау (беру және қабылдау). Бұл туралы көбірек транспорт деңгейіндегі мақаладан оқи аласыз.
Сонымен қатар, TCP:
Сегменттің сенімді жеткізілуі.
Сегменттерді алғаннан кейін тапсырыс беру.
Сеанстармен жұмыс.
Жылдамдықты басқару.
Бұл мүмкіндіктерді толығырақ қарастырыңыз.
Сенімді жеткізу дегеніміз жіберіп алынған сегменттерді автоматты түрде қайта бағыттау. Әрбір сегмент арнайы өрісті - реттік нөмірді пайдаланып белгіленеді. Сегменттердің белгілі бір санын жібергеннен кейін, жіберуші хосттағы TCP қабылдаушыдан растауды күтеді, бұл алушы алғысы келетін келесі сегменттің реттік нөмірін көрсетеді. Егер мұндай растау алынбаса, жіберу автоматты түрде қайталанады. Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін TCP тағайындалған орын жоқ деп санайды және сессия бұзылды.
Осылайша, сенімді жеткізу дегеніміз, егер біреу кабельді коммутатордан тартып алса, сіздің деректеріңізге қол жетеді деген сөз емес. Бұл TCP-ді көлік деңгейінде қолданатын бағдарламаны жасаушы егер сеанс үзілмесе, ол жіберген барлық нәрсе алушыға шығынсыз жеткізілетінін біледі дегенді білдіреді. Кез-келген ақпараттың жоғалуы үшін көптеген маңызды деректер бар. Мысалы, егер сіз интернеттен қосымшаны жүктейтін болсаңыз, онда бір байттың жоғалуы сіз жүктеген файлдың артықшылығын пайдалана
16. IPv4 мекенжайының әртүрлі түрлерінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз. TCP/IP хаттамасы. Коммутатор дегеніміз не?
TCP/IP –әртүрлі ортада байланысты қамтамасыз ететін өреркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік – TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. Өзінің кең тарауының арқасында, TCP/IP желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.
TCP/IP стегі мынадай қасиеттерге ие:
*Бұл стек стандартты аяқталған және де кең таралған көпжылдық тарихы бар желілік протокол болып табылады.
*Көптеген үлкен ауқымды желілер өздерінің трафиктерін TCP/IP протоколының көмегімен жібереді.
*Internet желісіне қолжетімділікті ұйымдастырады.
*Бұл стек intranet – корпоративтік желісін жасауға қызмет етеді, Internet қызметтерін WWW гипертексттік технологияны қолдайтын желі болып табылады.
*Барлық қазіргі заманғы операциялық жүйелер TCP/IP стегін қолдайды.
*Клиент-сервер қосымшалары үшін кеңкөлемдегі платформалық орта болып табылады.
Коммутатор(лат. commuto – өзгертемін, ауыстырамын) – электрлік тізбекті жалғастыруға, ажыратуға және ауыстырып қосуға арналған электрмеханикалық, электронды немесе электронды-сәулелік қондырғы. К-дың қарапайым және аса күрделі түрлері бар. Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефон, телеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған. Жалғастыру тәсілдеріне байланысты коммутаторлар қолмен жұмыс істейтін және автоматты қызмет кәрсету болып бөлінеді. Қолмен қызмет көрсетуде коммутацияны оператор жүзеге асырады. Автоматты қызмет көрсетуде коммутация оператордың қатысынсыз шеттік аппараттардан келетін сигналдар бойынша орындалады. Жалғастыру тәсіліне қарай арналар коммутаторлары және байланыс коммутаторлары болып бөлінеді. Арналар коммуникациясында ақпаратты беру үшін тораптар желісі арқылы бір шеттік пунктті екіншісімен қосатын кедергісіз арналар ұйымдастырылады. Байланыс коммуникациясында берілуге тиісті ақпарат мекен-жайымен бірге сәйкес аппаратураға беріледі және есте сақтау қондыргысында сақталады. Сонан соң белгіленген пунктте аралық пунктердің қайта қабылдап-беруі арқылы беріледі. Коммутаторларды сондай-ақ абонент желілері мен арналарының санына карай да айырады.
Коммутация байланыс торабының коммутациялық құрылғыларында электрлік қосындыларды, сымдарды, кабельдерді, байланыс желілерін, аппараттарды, аспаптарды әр түрлі ауыстырып қосу.
IPv4 (ағылш . Internet Protocol version 4) интернет протоколының (IP) төртінші нұсқасы болып табылады. Бұл Интернеттегі желіаралық өзара іс-қимыл әдістерінің стандарттарына негізделген негізгі хаттамалардың бірі және 1983 жылы ARPANET өндірісі үшін ашылған бірінші нұсқа болды. Ол әлі күнге дейін интернет-трафиктің көп бөлігін бағыттайды, Ізбасар протоколының жалғасқан таралуына қарамастан, IPv6. IPv4 IETF RFC 791 басылым құжатында сипатталған (қыркүйек 1981), (RFC 760, қаңтар 1980).
IPv4 32 биттік мекенжай кеңістігін пайдаланады, ол 4 294 967 296 (232) дейін бірегей хостылардың санын шектейді, бірақ үлкен блоктар арнайы желілік әдістер үшін резервтелген.
Интернет-хаттама-бұл интернет-хаттамалар пакетінің интернет деңгейінде интернеттегі жұмысты анықтайтын және қамтамасыз ететін хаттама. Шын мәнінде, ол Интернетті қалыптастырады. Ол логикалық адресация жүйесін пайдаланады және бағыттауды орындайды, ол бастапқы түйіннен келесі маршрутизаторға дестелерді жіберуді білдіреді, ол басқа желіде мақсатты түйінге жақын бір секіру.
IPv4-бұл ең жақсы жеткізу моделі негізінде жұмыс істейтін қосылыс орнатылмаған хаттама, өйткені ол жеткізуге кепілдік бермейді, сондай-ақ жеткізудің дұрыс дәйектілігіне немесе қайталануын болдырмауға кепілдік бермейді. Бұл аспектілер, деректердің бүтіндігін қоса алғанда, жоғарғы деңгейдегі көліктік хаттамамен қаралады, мысалы, беруді басқару хаттамасы (TCP).
IPv4 32 биттік адрестерді қолданады, бұл 4294967296 (232) адрестерге дейін адрестік кеңістікті шектейді.
IPv4 жеке желілер үшін арнайы мекенжай блоктарын (~18 миллион адрестер) және көп адрестерді (~270 миллион адрестер) сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |