3) - Өзіңіз келгеннен бергі уақыт ішінде Университетте бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып, ауыз толтырып айтарлықтай қыруар істер жасалды. Сіздің жұмыс барысыңдағы алдағы жоспарларыңыз қандай? Университеттің жалпы қызметі тура- лы əсеріңіз қандай, сол жөнінде айта кетсеңіз. Сонымен бірге, өзіңіздің бастамаңызбен 36 оқу-тəжірбиелік зертхана ашылып, олар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, бүгінгі күні іске қосылды. Осыған орай туындап отырған сұрақтар да аз емес, соның бірі - табыс көзінің қайдан алынуы, оның тиімді жұмсалуына тоқталсаңыз. - Біздің ЖОО-ның оқу-лабораториялық
базасын жаңғырту мəселесі бүгінгі
күннің қажеттілігі болып отыр. Жақсы
білікті кəсіби мамандарды даярлау
үшін бізге жақсы, қазіргі заманға сай
оқу құралдарымен жабдықталған зерт-
ханалар жəне заман талабына сəйкес
лабораториялық қондырғылар қажет.
Осыған орай, университетте былтырғы
жылы 36 арнайы жабдықталған оқу-
ғылыми зертханалар ашылды. Бүгінгі
күні осы кешендер іске қосылды.
Соның арқасында университетіміз
республикамыздың ЖОО арасында
жоғары деңгейге жетті, осының бəрін
біздің ұстаздарымыз да, студеттеріміз
де жақсы сезінуде. Осы зертханалардың
ойдағыдай жұмыс істеп, үлкен
нəтижелерге қол жеткізуі үшін, ондағы
қондырғыларды əрі қарай дамыту үшін
ұстаздарымыз бен мамандарымыздың
біліктілігін арттыру мəселесін біз бүгінгі
күн тəртібіне қойып отырмыз. Атал-
мыш зертханалардағы заманауи құрал-
жабдықтарға қомақты қаржы бөлінді,
бұл біздің студенттеріміз үшін қажет
болғандықтан студенттерге бөлінген
мемлекеттік гранттың қаржысы оқу-
лабораториялық базаны жаңғыртуға
бағытталды. Сондықтан да біз жаңа
оқу жылында 150 миллион теңгедей
қаражатқа оқу-лабораториялық зерт-
ханаларды жаңғырту жұмыстарын
жүргіздік. Бұл енді осымен тоқталып
қалдық деген мəселе емес. Себебі, қазіргі
технологиялардың қарыштай дамуы
заманында біздің одан қалуымызға бол-
майды, қажеттілік болатын болса, ары
қарай да оқу-лабораториялық базамызды
жаңғырту үшін қаражаттар жұмсалады.
Оны əрбір азамат, əрбір университет
ұжымының мүшесі қолдайды деп ой-
лаймын. Сондықтан да жаңағы түсіп
жатқан гранттық қаражаттар бар, ақылы
оқу ақысы бар, солардың барлығын осы
мамандарды даярлау ісіне, мамандарды
даярлаудың сапасын арттыруға пайда-
лануды біздің бірден-бір кезекті ісіміз
деп білемін.