2015 жылдың 18 қарашасы күні
Көкшетау МС Халықаралық
студенттер күніне орай «Шоқан
жұлдыздары-2015» ХI студенттік
фестивалі өтті.
Ш . У ə л и х а н о в а т ы н д а ғ ы
К ө к ш е т а у м е м л е к е т т і к
университеті дүниежүзілік сту-
денттер күні қарсаңында «Шоқан
жұлдыздары» атты студенттер
фестивалін өткізуді дəстүрге
айналдырған.
Бұл фестивальдің негізгі мақсаты
– жоғары оқу орнында білім нəрін
алып, өз өнерлерін қоғамға арнап
жүрген студенттерді марапаттау.
Олар
университеттегі қоғамдық,
мəдени жəне спорттық іс-шараларға
белсене қатысып, өз өнерлерімен
университет қабырғасында ғана
емес, сонымен қатар қалалық,
облыстық, республика көлемінде та-
нылып, университеттің мəртебесін
жоғары деңгейде көтеріп жүрген
студенттер.
Бұл шара білім ордасындағы
студенттердің еңбектерін бағалау,
марапаттау əрі басқа студенттерге
үлгі-өнеге болсын деген мақсатпен
ұйымдастырылып отыр.
Ш . У ə л и х а н о в а т ы н д а ғ ы
КМУ ректоры Ə.Ə.Əбжаппаров
қатысушылар мен қонақтарды ата-
улы мерекемен құттықтады.
Əбдімүтəліп Əбжаппарұлы
былтырғы
жылы бұл студенттік
фестивальға мерейлі 10 жыл
толғандығын баса айтып, осы
уақыт аралығында универси-
теттен қаншама «Жұлдыздар»
шыққанын үлкен мақтанышпен
атап өтті.
Болашақта да білім
ордасынан осындай өнерлі де да-
рынды студенттердің сахна төрінен
көрінетініне сенім білдіріп, оларға
ғылым мен білім жəне өнер са-
ласында биік жетістіктерге жете
берулеріне тілектестік білдірді.
Бүгінгі шарада Ш.Уəлиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік
университетінің 32
студенті
«Шоқан жұлдыздары» атағына
лайық деп танылып отыр. Бұл
студенттер университеттің барлық
факультеттерінен іріктелініп алын-
ды. Білім ордасы үшін бұл үлкен
қуаныш, зор жетістік. Мерейлі
кешке университеттің проректор-
лары, факультет декандары мен
оқытушылар да қатысты.
Білім
ордасы басшысының
қ ұ т т ы қ т ау ы м е н б а с т а л ғ а н
мерекелік кеш үлкен концертпен
жалғасын тапты. Шара барысында
университеттің мың бұралған биші
қыздары би билеп, қазақтың халық
əндері шырқалды, сонымен бірге
КТК əзіл-сықақ командаларының
қойылымдары ұсынылды.
Кеш соңында білім ордасының
б а с ш ы с ы Ə б д і м ү т ə л і п
Əбжаппарұлы жəне проректор-
лар университеттің мəртебесін
жоғары деңгейде көтеріп жүрген
өнерлі де
дарынды студенттерін
марапаттады. Сонымен бірге
шақырылған қонақтар ішінде
бұрынғы жылдардағы «Шоқан
жұлдыздары» атағының иегерлері
де болды. Олар да өздерінің сый-
сияпаттарымен келіп, атаулы
кештің сəнін келтірді. Мерекелік
кештен үлкен əсер алған универси-
тет студенттері мен кеш қонақтары
жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Шараға
БАҚ өкілдері де
қатысты.
Конкурс веселых и находчивых
Республиканский конкурс
«Осенний листопад»
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Танцевальная группа факультета естественных наук «КЕРБЕЗ»
«Шоқан жұлдыздары-2015»
ХI студенттік фестивалі