Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады
Желтоқсан оқиғасының себепбі
Көтерілістің басталуына Мәскеудені орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Академик М.Қ.Қозыбаев 3 сатымен көрсеткен болатын.
1-сатысы: желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні.Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу,тербеліс,үміт кезеңі болатын.
2-сатысы:желтоқсанның 17-сі,таңғы сағат 7-8 ден кешкі сағат 18-ге дейнгі кезең.Бұл әміршіл-әкімшіл жүйе мен жас балғын демократияның бетпе-бет бейбіт жүздесу сәті,арбасу кезеңі.
3-сатысы: 17 желтоқсанның кешкі сағат 18-дан 18 желтоқсанға дейнгі уақыт.Бұл екі жақ күштің арбасудан алысуға ауысқан,қозғалыстың стихиялық көтеріліске айналу сәті.Әміршіл жүйенің қарулы жазалаушы отрядының күшін жұмсап,наразы топты еріксіз қорғаныс жасауға,күшке күшті қарсы қоюға итермелеу сатысы.
Алматы қаласында орналасқан 1986 жылы желтоксан көтерілісін еске алу монументі. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.
Бұдан бөлек: