адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттау маңызды.
Құрметті оқушылар, Сіздер еліміздің ертеңгі тірегісіздер.
Биылғы жыл - «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы. Рухани азғындалып бара жатыр деп сөгетін ғасырда өзінің ұлттық мүддесі үшін еңбек ететін, тарихын бағалайтын және болашаққа еш кіршіксіз сенетін рухты жастардың бары қуантады.
Біліммен қаруланған, ақыл - парасаты толысқан адал ұрпақ барда Қазақстанның келешегі жарқын болатындығына сеніміміз мол.
Құрметті оқушылар, Сіздерді елі үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын - ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деп сенемін және тілектеспін.
Осындай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» жыл сайын дәстүрлі түрде «Білім күнінде» бастау алып, жас буынның рухани болмысын кемелдендіру үшін жыл бойы жалғасатын болады.
Алдағы уақытта игі бастамаға еліміздің абыройын асқақатып жүрген ел мақтаныштары, зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділері де өз үлестерін қосады. Әрдайым есте ұстаңдар: Өзіне - өзі сенімділік туа біткен қасиет емес, демек, оны адам өзінің бойында дамытуы тиіс. Сенім - жетістіктің кілті, ал сол кілт өздеріңнің әрқайсыңның қолыңда…