«Қайшылау»тәсіліменҧзындыққасекірутәсілі.Бұл секірілу жүгіріп келуден итерілуге ауысуда және ұшу жағдайындағы қозғалыста адымдау қадамының құрылымын үйлестіру есебінен неғұрлым тиімді. «Қайшылау» аты қозғалыс сипатын толық бере алмайды. Ұшу кезінде тіктелген аяқпен бір- біріне қарама-қарсы қозғалыс болмайды. Секіру кезінде аяқтар 2-3 адымдау жағдайындағыдай, бірақ неғұрлым еркін және серпілмелі қозғалыс жасайды. Сондықтан бұл тәсілді «ауада жүгіру» деп атайды.
Содан кейін сол аяқ серпілетін ӛте бүгілген жағдайда жоғары артқа қарай жіберіліп, жерге түсер алдында түзетіліп, итерілетін аяққа қосылады.Аяқ алға қарай жіберілгенде дене алға қарай еңкейеді.Адымдап келіп ұшқаннан кейін қолдар жоғары кӛтеріліп, әр түрлі шеңберлі қозғалыстар арқылы теңдіктер сақтайды. Сермелген аяқ жерге түсірілгенде сол аяқ, оң қол шынтақ тұсынан түзетіліп, жоғары кӛтерілу арқылы артқа жіберіледі. Бүгілген басқа қол итерілудің соңында түзетіліп, содан кейін жоғары жіберіледі. Аяқты алға қарай жібергеннен кейін қол тӛмен түсіріліп, дене бүгіліп, жерге түсумен аяқталады. Секірудегі барлық қозғалыстар табиғи түрде жасалып, бірінен кейін бірі жалғасады.
Жергетҥсу. Жерге дұрыс түсу алысқа секіруде үлкен маңызға ие. Кӛптеген секірушілер жерге дұрыс түспеу салдарынан ӛздерінің тиісті нәтижелеріне жете алмайды. Секірудің барлық тәсілдеріне топталу, жерге түсуге дайындалу ұшу траекториясының тік кесіндісінен бұрын басталады, бұл жағдайда дене массасының жалпы орталығы ӛзінің бастапқы деңгейіне жетеді, яғни итерілген сәттегі биіктікке деңгейлес келеді. Жерге түсуге дайындалу бірінші кезекте жамбасты кӛтерумен, тізені кеудеге жоғары кӛтеріп, денені неғұрлым июмен қамтамасыз етеді. Сирақтар бұл жағдайда тӛмен түсіріліп, қолдар жоғары артқы жағдайда болады. Осы ерекшеліктер жерге түсер алдында орындалуы керек. Аяқтарды бүгу және оларды ұстап тұру құмға түсер алдында орындалады. Жерге түсер алдында ӛкше жамбастан сәл тӛмен болуы керек. Дене бұл жағдайда кӛп иілмеуі қажет, ӛйткені ол аяқты неғұрлым жоғары кӛтеруге кедергі келтіреді. Шынтақтан бүгілген қолдар жоғарыдан тӛмен түсіріліп, тӛмен сәл ғана артқа қарай жіберіледі. Табан жерге тиісімен аяқтарды тізеден бүгілу басталады. Бұл жерге түсер кездегі соққыны жеңілдетеді де, дене массасының жалпы орталығының кедергіден ӛтер кездегі қозғалысына мүмкіндік береді.
Жерге түсуді орындай отырып секіруші бел мен аяқтарды бүгіп, сәл ғана алға қарай жіберіледі. Жерге түсуден басқа – топталып түсу әдісінде аяқты жоғары кӛтеріп, бір мезгілде денені алға қарай бүгеді. Секірушінің денесі неғұрлым бүгілетін болса, жамбас тұсы соғұрлым артқа жіберіледі, ол аяқта ұстап тұруға қиындық тудырады. Сондықтан топталып түсу әдісінен секіруші жерге түскенде тиісті жерге түсу нүктесіне жақындай алмайды. В.М.Дычковтың мәліметіне қарағанда 25см-ге жуық жоғалтады.