- тапсырма:Доға үлгісі бойынша жүгірген жағдайда итерілу техникасын оқып үйрену.
Құрал жабдықтар: 1. Жерге нық тұрып, соңғы артқы жағдайдан ішке қарай бӛкседен сермелу. 2. Осы жаттығуды шеңбер бойында тұрып, бір орында жасау. 3. Итерілетін аяқты жерге қойып, сермелетін аяқпен және қолмен жасау. 4. Итерілетін аяқты жерге қойып, жүгіріп келе жатып аяқпен және қолмен сермеу. 5. Итерілетін аяқты жерге қойып шеңбер бойымен жүгіре отырып әрбір қадам сайын сермелу, сәлден кейін әрбір 3-5 қадам сайын. 6. Жүгіріп келе жатып, алдымен түзу бойымен содан кейін доға бойымен итерілу. 7. Жоғары ілініп тұрған допты иықпен қағу. 8. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып гимнастикалық столға секіру, ол соңғы 3-5 қадамдарға
доға үлгісіне кӛшіріледі. 9. Доға бойынша жүгіріп келіп, белдеуге секірілу (белдеу секірушінің бойынан жоғары кӛтерілген).
Әдістемелік нұсқау: 1 және 2 жаттығуларды орындағанда серпілетін аяқтың жамбасы ішке қарай бұрылып, ал тізе табаны мен бірге сыртқа қарай бағытталуын ескерту қажет. Бӛксе де алға қарай шамалы ішке бұрылып жіберілуі керек – бұл дене массасы жалпы орталық нүктесін итерілген кезде итерілу сызығының бойында ұстауға мүмкіндік береді. Осы жерде сондай-ақ қолмен сермелу жасалады. 3 және 4 жаттығуларда итерілетін аяқты жерге қою тәжірибесі игеріледі. 5 және 6 жаттығуларда осы қозғалыстар доға бойымен жүгіруге жаттықтырылады. Итеруді аяқтағаннан кейін жерге аяқпен түсу қажет. 7.жаттығуды орындағанда доға бойымен жүгіру жылдамдығын арттыруға назар салу керек. Бұл жаттығулар итерілуді толық аяқтап оны сәтті орындауға мүмкіндік береді.
8. Жаттығу сермелуді және секірушінің биіктікке ұшуды жақсы итеруге мүмкіндік береді. Доға бойынша жүгіруден кейін итерілу жекелеп жүргенде орындалады.
4–тапсырма: белдеуден ӛту техникасын меңгеру. Құрал жабдықтар: белдеуден ӛту қозғалысын игеру.
Орында тҧрып секіру әдісі
Бір орында тұрып секіру кӛбінесе дайындық ретінде қолданылады,бірақ орыннан және үштік секіруден жарыс ӛткізіледі.Орында тұрып биіктікке секіру аяқтың күшін және секіру мүмкіндігін айыру үшін қолданылады.
Орнында тұрып ұзындыққа секіру мынандай бӛліктерге бӛлінеді:
-итерілуге дайындалу;
-итерілу;
-ұшу;
-түсу; (сурет 14)
Достарыңызбен бөлісу: |