Реттілік принципі бойынша «меңгерілгеннен - меңгерілмегенге», «қарапайымнан күрделіге» ережесіне сүйенеді.
Қозғалысқимылының техникасы, әрқашан үйреншікті, жаттанды қимылға жүгінеді. Сондықтан қарапайым қимыл- қозғалыстардың қатарын кӛбейту қажет. Техниканың жаңа түрлерін үйренгенде сол қимылдарға жүгіну керек.
Қарапайымдылық пен күрделілік координациялық күрделілікке ғана байланысты емес, сонымен қатар қозғалыс қимылдарын орындау үшін физикалық күш жұмсауға да байланысты. Сондай-ақ, қозғалыс қимылының психологиялық факторын, әсіресе, қорқыныш, үрей сияқты сезімдерді жеңу кезінде ескеру керек.
Біртіндеп принципіүйрену барысында физикалық салмақ қа және орындалатын қозғалыс қимылы техникасының күрделенуіне тікелей байланысты.
Үнемі есте сақтау керек: шамадан тыс салмақ түсіру жаңадан үйреніп жүргендердің ағзаларына теріс әсер етеді. Сондықтан олар үшін оңтайлы жүктеме іріктеу керек.
Біркелкі, үнемі қолданатын жаттығуларға ағза бейімделіп алады да оларды жасаудың тиімділігі тӛмендейді. Қозғалыс диапазонын кеңейту үшін әртүрлі, бірақ құрылысы жағынан ұқсас жаттығуларды жасау керек.
Біртіндеп принципін үйрену процесінде секірмелі қимылдар болмау керек. Бұл принциптің негізгі постулаты – меңгерілген
қимылдан келесі қимылға біртіндеп кӛшу, кейде ӛткендерді қайталап, үйретілмеген немесе нашар үйретілген қимылдарды жіберіп алмау керек. Ӛйткені мұндай қимылдар келесі қимылдарды ӛткенде теріс әсер етпей қоймайды.
Даралану принципі бойыншаүйренушінің жеке ерекшеліктері ескеріледі, яғни дайын болу дәрежесі, жынысы мен жас ерекшеліктері, жеке тұлғаның анатомиялық- физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері және педагогтың жеке үйрету стилі. Үйретудің алғашқы кезеңінде, үйренушілер әлі де ӛз қабілеттерін кӛрсетпеген кезде топтық жұмыстар тиімдірек болады. Қозғалыс қимылдары қарапайым және топ меңгеріп алып жүргенде ешкім ерекшеленбейді.Әріқарай қимылдарды тез және жақсырақ орындай бастағанда біртіндеп жеке жаттығуларға кӛше бастайды. Қозғалыс қимылдарын үйренгенде жыныс ерекшеліктеріне ерекше кӛңіл бӛлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |