5.2. Жер асты суларының қапыптасуы және режимі Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде негізінен екі теория қалыптасқан: сорғу (инфильтрация) және конденсациялық теориялар.
Сорғу теориясы жер асты суларының қалыптасуын атмосфералық жауын-шашындары мен жер үсті суларының жерге сіңуі (топырақ қабатынан сорғуы) арқылы түсіңдіреді, (Беруни...). Ірі жер жарықтары және қуыстарымен сорғыған сулар, су өткізбейтін қабаттарға жиналады да, жер асты суларына бастау береді.
Жер асты суларының сорғу жолымен қоректенуі мерзімдік құбылмалылығымен ерекшеленеді және табиғат жағдайларына тәуелді (жер бедері, өсімдік жамылғысы, адамның қызметі).
Конденсациялық теория жер асты суларының қалыптасуын су буларының жер жарықтары мен қуыстары арқылы атмосферадан конденсациялану жолымен жинақталатындығымен түсіндіреді.
Бұл екі теория қазіргі кезеңде бір-біріне қарама-қарсы қойылмайды, бірін-бірі өзара толықтырады. Себебі көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жерқыртысына сулар сұйық тамшылар түрінде де (көпшілік жағдайда) және су буы түрінде де (айтарлықтай аз) өтетіні дәлелденді.
Атмосфералық жауын-шащыны көп аудандарда жер бетіне жақын орналасқан (һ = 300...400 м) су алмасу жылдам өтетін қабатта жер асты сулары негізінен сорғу жолымен қалыптасады.
Жауын-шашыны аз әрі ылғал кеп буланатын аудандарда (шөл, шөлейт) жер асты сулары негізінен су буларының конденсациялануымен қоректенеді.
Жер қыртысының терең қабаттарында орналасқан жер асты суларының су алмасуы өте шабан. Олар ете ертеде теңіз шегінділерінің тығыздалу кезінде өз бойынан суды қысып, ығыстырып шығару нәтижесінде қалыптасқан. Бұл сулар әдетте, өте тұзды болып келеді
Сонымен қатар жер асты суларында ювенилді суларды да бөліп қарайды. Бұл сулар жер, ядросындағы магмадан бөлініп шыққан су буларының конденсацияға ұшырауы арқылы қалыптасқан. Ювениль суларының жер бетіне тікелей шығуы вулкандардың жұмыс істеу кездерінде күшейеді.
Жер асты сулары жер қыртысында, тау жыныстарында сорғу арқылы немесе сіңу жолымен қозғалады. Сорғу кезінде судың қозғалысы жарықтар мен қуыстардың бір бөлігінің су буы немесе ауамен толтырылуы арқылы жүргізіледі (аэрация белдемі). Сіңу процесі жарықтар мен қуыстар суға түгел толған жағдайда жүреді. Бұл қозғалыстағы судың массасы сіңу ағысын туғызады.
Жер асты суларының қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған, тегеурінді және тегеурінсіз, ламинар және турбулентті болып келеді.
Жер асты суларының қалыптасқан қозғалысы кезінде сіңу ағысының барлық элементтері (ағыс жылдамдығы, шығыны, бағыты т. б.) мерзімдік өзгерістерге ұшырамайды. Егер сіңу ағысыңың негізгі, элементтері мерзімдік өзгерістерге ұшырайтын болса, онда бұл ағысты қалыптаспаған деп атайды. Жер асты суларының ағысы мұндай сипатқа әр түрлі табиғи және жасанды факторлардың (атмосфералық жауын-шашынның біркелкі сорғымауы, скважиналардағы су сору, егістіктерді суғару, т. б.) әсерінен пайда болады.
Гидравликалық сипатына қарай жер асты суларын тегеурінсіз (суөткізгіш қабаттың көлденең қимасының суға толмауынан) және тегеурінді (сулы қабат суға толған) жер асты су ағыстары деп бөледі.
Жер асты суларының ағысы ламинар немесе турбулентті болуы мүмкін. Ламинар қозғалыс кезінде су ақпадары (струя) құйындалмай бір-біріне паралдель ағады. Ламинар қозғалыс қуысты жер қыртысындағы жер асты суларында кездесуі мүмкін. Ірі жарықтары бар, қуыс тау жыныстарында (сіңу коэффициенті Кф >300... 400 м (тәулік) және жақсы шайылған малта тастарда сулардың қозғалысының бұл түрі тау жыныстарында сирек байқалады.
Жер асты суларының қозғалысы гидравликалық тегеуріндердің айырмашылығы (деңгейлердің) болған жағдайда байқалады. Сулар биік тегеурінді орыннан (деңгей) төмен тегеурінді орынға (деңгей) қарай қозғалады .