— Қазақстан Республикасында жер асты суларының едәуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд м3/жыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр тұщы және тұздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте әркелкі болып бөлінген. Бұл қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында. Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71 телім (58%) пайдаланылады. 1996 ж. мөлшермен есептегенде жер астынан алынған 1,5 млрд текше метр судың 66%- ы шаруашылық-ауыз су қажеттеріне, 23%- ы өндірістік-техникалық қажеттерге, жүйелі суармалауға 3,7 және жайылымдарды суландыруға 7,3%-ы пайдаланылды. Тұщы және тұздылығы аз жер асты суларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағында минералды сулардың 45 кең орны барланған, оның тиянақталған қоры жылына 11 млн текше метр деп есептеледі