Жер қатынастарын реттеуге бағытталған



бет5/5
Дата15.02.2022
өлшемі34,52 Kb.
#131928
1   2   3   4   5
Байланысты:
Алтыбай.Ж Жер құқығы

Әкімшіліктік заңнама – мемлекетті басқару саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. 2001 жылы қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінде әкімшілік жаза қолдану шараларының шеңбері кеңейтілді, сонымен қатар оған “Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары” атты арнаулы бап енгізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес осы салада жүргізілген құқықтық реформаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

  • Қылмыстық заңнама – қылмыстық құқық нормаларын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Ол тек қана “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен”тұрады. Онда қылмыстық жауапкершіліктің және жаза қолданудың шектерін айқындайтын нормалар белгіленген; қылмыстық іс жүргізу заңнамасы – қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық-нормативтік акт. “Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі” осы саладағы арнаулы және негізгі заң болып табылады. Ол сот төрелігін жүзеге асыру қағидаларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін конституциялық нормаларға, сондай-ақ халықар. құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен қағидаларына негізделген.

  • Салық заңнамасы – мемлекетте қолданылатын салық түрлерін, салық ставкаларын, салық өндіріп алу тәртібін, салық жеңілдіктерін белгілейтін нормалардың жиынтығы. Салық Заңнамасы салық міндеттемелерінің пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейді, салық санкцияларын белгілейді. Қазақстанда салық заңнамасы 2001 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы кодексін” (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының “Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы” заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кіріс мин-нің Қазақстан Республикасының Қаржы мин-мен келісілген актілерін қамтиды.

  • Бюджеттік заңнама – Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, “Бюджет жүйесі туралы” Заңды, әр жылға арналған респ. бюджет туралы заңдарды, мәслихаттардың тиісті жылдарға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін, бюджет рәсімдемелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды.

  • Жер заңнамасы – жер және табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін құқықтық ин-тар мен нормаларды қамтитын Заңнама саласы. Елдің жер қорын қорғау, оны орынды пайдалану мемлекет қызметіндегі басым бағыт болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясында және 2001 жылы қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңында саяси-құқықтық тұрғыдан тұжырымдалған.

  • Кеден заңнамасы – барлық тұлғалардың тең құқықты негізде тауарлар мен көлік құралдарын елдің кеден шекарасына әкелуі мен одан әкетуі құқығын реттейтін, кеден саясатын жүзеге асыру құралдарының жиынтығы ретіндегі кеден ісі ұғымын айқындайтын Заңнамалық акт. 1995 жылы шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы” заң кедендік реттеу аясындағы негізгі заң болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет