22-билет 1. Қазақстан экологиясының проблемалары.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады.
Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы:
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп ккетуі
осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
2.Жер пішіні мен өлшемі.
Жердің ғарыштан. Түсірілген суреті оның пішіні шар тәріздес екендігіне күмән келтірмейді.Алайда адвмдар мұндай тұжырымға бірден келе қойған жоқ.Жердің пішіні мен мөлшері туралы түсінік ғасырлар бойы қалыптасып ,ұзақ даму кезеңінен өтті . Ежелгі халықтар "Жер тегіс ,оның үстінде аспан күмбезі төңкерілген" деп ойлаған.Алайда бақылап тұрған адамға көкжиек сызығының шеңбер тәріздес болып көрінуі бара-бара басқа ой туғызды. Содан барып "Жер беті диск тәріздес дөңес болу керек" деген пікір келіп шықты.
Кейін орта ғасырлардың соңфна қарай дүние жүзін айналу саяхаттарынан кейін ғана "Жер шар тәрізді" деген пікір түпкілікті дәлелденді.Түрлі өлшем жұмыстары жүргізіліп,Жер меридианының ұзындығы,диаметрінің мөлшері анықталды.Жердің полюстік радиусы экваторлық радиусының шамамен 21 км қысқа болып шықты.Бұл айырма бүкіл Жер өлшемімен салыстырғанда тым мардымсыз.Сондықтан Жер радиусы 6371 км болатын шар деа есептелінді.Жер экваторының ұзындығы 40 000км.Осы орайда:"Жердің шар тәріздес екендігін неге байқамаймыз?" деген заңды сұрақ туады. Оған себеп,тегіс жерде тұрған бақылаушы айнала төңірегінде 4-5 км қашықтықұа дейін ғана көре алады.Ал шардың ондай шағын бөлігі оған тегіс болып көрінеді.
3. Дүниетану сабақтарында тест қолдану
Тестпен сынаудың программасы оның мақсатына байланысты, ерег ол кішігірім тақырып бойынша білімдерін , дағдыларын тексеру болса, онда программа осы тақырып бойынша тексеретін тесттерден тұрады, ал тақырыптың мазмұнын қамту деңгейі 80%-тен кем болмауы керек. Тесттік жүйенің беретін нәтижесі:
А) оқушылардың тақырпты қалай меңгергенін анықтау;
Б) оқушыларға өтілген тақырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетінін білуге;
В) оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттарып , олардың өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға;
Г)оқушылардың іскерлігін артырып , дүниені тануға, ұқыптылығын дамытуға;
Д) ең басты тексті құрастыру қиында көп уақыт алатын жұмыс болғанымен, ол оқушы білімін тексерудің теңдігі арасында мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Тест арқылы сынау мұғалімге әрбір оқушының бағдарламаға сәйкес білімдер мен біліктерді меңгерудегі жетістіктерінің жеткілікті түрде толық беейнесін береді.
Тест арқылы сынау мұғалімге әрбір оқушының білімдерінің қандай тақырып бойынша қанағаттанғысыз екенін анықтап, оқушының әр-қайсысына жекелей көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Тесттің тапсырмаларын табысты орындаудың маңызды белгісі уақыт болып табылатындықтан , қиындық келтіретін тапсырмаларға көп тоқталып уақыт жібермей әуелі жеңіл тапсырмаларды тезірек орындап , соңынан қалған уақытта қиын тапсырмаларға қайта оралу ұсынылады.Тест бойынша тапсыруға дайындық кезінде оқушы қиналмас үшін мұғалімдер тақырып өтерде алдын-ала дайндалып оқушылардың есіне ұзақ сақталардай негіз қамауға тиіс.
Сонымен тест-оқушы білімінің деңгейін ғана анықтай қоймайды, оның ойын жүйелеп логикалық ойлау дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына әсер етеді.
Ал бастауыш сыныптарда бағдарламалап оқытудың элементтерін пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырады. Бағдарламалап оқытуды қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады. Бағдарламалап оқытуды қолдану арқылы қазіргі кезде көңіл бөлініп отырған тесттік жүйемен жұмыс ісатеу мүмкіндігі іске асырылады.Тест мақсаты:мектепке алғаш келген бүлдіршіндердің логикалық қабілетін арттыру, үйге берілген тапсырмаларды оқушылардың орындап келгендерін үшін дәстүрлі әдістерге қоса, тест арқылы оқушы білімі есепке алынып, бақылау жүргізіліп отырудың пайдасы көп.
Тест- оқушының білім дәрежесін қандай екенін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін, тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.
Тест қолдану үшін.
1. Тапсырманың жауабы мен сұрағы қысқа әрі анық болу қажет 1 сұрақта 3-5 жауап болып, оның 1-еуі ғана дұрыс болу керек,
2. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы керек.
3.Тестте ерілген сұрақ әр адамға түсінікті болатындай етіп жазу керек.
Тестпен сынауды программалау
Тесттердің жоспарын жасау
Тесттердің мазмұнын жасау
Тест бойынша үй тапсырмасын тексерсе, сыныптағы барлық оқушылар толық қамтылады.Жауап тез алынады.
Сонымен қатар күрделі тақырып та, тарау өткенде, не тоқсан, оқу жылы соңынан да тест арқылы сынақ өткізуге болады. Тест материалдарын әр сабақта жаттығу ретінде де пайдалануға болады. Тест дайындаудың мақсаты оқушының білімін тексеру, есепке алу. Тест оқушылардың жас ерекшелігіне, шама-шарқына лайықты, оларды ойландыратындай қызықты етіп құрастырылуы керек. Тест сапалы да нәтижелі болу үшін оқулықпен қатар әр-түрлі сұрақтар жинағын қолдануға болады. Тест қорытындысы бойынша мұғалім оқушының біліміндегі кемшіліктерді жою үшін жеке жұмыстар ұйымдастыруға болады. Нәтижесінде өтілген тарауды оқушылар жақсы игеруіне мүмкіндік туғызады.
Тестердің төрт түрі бар:
•оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивті жауаптар талап етіледі.
алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.
өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.
“Дүниетану” пәнінде әр сабақ сайын тест сұрақтарын пайдалануға болады. Сонда ғана оқушылардың алған білімдері нық меңгеріліп, естерінде сақталады.