Жер негізгі 3 геосферадан тұрады



бет11/21
Дата29.07.2022
өлшемі103,87 Kb.
#147859
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
30 билет жауаптары. Жаратылыстану

20 билет
1)Табиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі. Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады.
2)Қазақстан немесе ҚР – Еуразия материгінің ортасында орналасқан тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз жер көлемі жөнінен жер шарында алдыңғы 10 елдің қатарында.Ол үлкендігі жөнінен Еуразия материгінде
РФ, Үндістан, Қытайдан кейінгі 4-орында, ал ТМД елдірінің ішінде РФ-дан кейін 2-орында тұрады.
Қазақстанның жер көлемі – 2,7 млн км2, Батыс Еуропадағы ең ірі ел – Франциядан 5 есе үлкен. Оның жеріне Франция, Англия, Испания, Италия, Швеция, Финляндия, Норвегия толық сыйып кетеді.
Еліміздің мемлекеттік шекарасы 15000км. Қазақстан солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан мен Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі.
1999жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 15 млн-ға жуық болды. Мұнда жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.Ең көбі қазақтар- 53 0/0 аса.Одан кейінгі саны жөнінен көп халықтар – орыстар, украиндар, немістер, татарлар, өзбектер, ұйғырлар.
1920 ж. РФ-ның құрамында Қазақ автономиялық республикасы құрылды.Ол 1936ж. одақтас республикаға айналды. Кеңестер одағы ыдырағаннан кейін, 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздіігн жариялады.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы(бұрынғы Ақмола қаласы).
Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді. Жер шарының бетінің жер ауданы 510,2 млн км кв.
3)Дүниетану сабақтарында тест қолдану
Тестпен сынаудың программасы оның мақсатына байланысты, ерег ол кішігірім тақырып бойынша білімдерін , дағдыларын тексеру болса, онда программа осы тақырып бойынша тексеретін тесттерден тұрады, ал тақырыптың мазмұнын қамту деңгейі 80%-тен кем болмауы керек. Тесттік жүйенің беретін нәтижесі:
А) оқушылардың тақырпты қалай меңгергенін анықтау;
Б) оқушыларға өтілген тақырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетінін білуге;
В) оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттарып , олардың өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға;
Г)оқушылардың іскерлігін артырып , дүниені тануға, ұқыптылығын дамытуға;
Д) ең басты тексті құрастыру қиында көп уақыт алатын жұмыс болғанымен, ол оқушы білімін тексерудің теңдігі арасында мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Тест арқылы сынау мұғалімге әрбір оқушының бағдарламаға сәйкес білімдер мен біліктерді меңгерудегі жетістіктерінің жеткілікті түрде толық беейнесін береді.


Тест арқылы сынау мұғалімге әрбір оқушының білімдерінің қандай тақырып бойынша қанағаттанғысыз екенін анықтап, оқушының әр-қайсысына жекелей көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Тесттің тапсырмаларын табысты орындаудың маңызды белгісі уақыт болып табылатындықтан , қиындық келтіретін тапсырмаларға көп тоқталып уақыт жібермей әуелі жеңіл тапсырмаларды тезірек орындап , соңынан қалған уақытта қиын тапсырмаларға қайта оралу ұсынылады.Тест бойынша тапсыруға дайындық кезінде оқушы қиналмас үшін мұғалімдер тақырып өтерде алдын-ала дайндалып оқушылардың есіне ұзақ сақталардай негіз қамауға тиіс.
Сонымен тест-оқушы білімінің деңгейін ғана анықтай қоймайды, оның ойын жүйелеп логикалық ойлау дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына әсер етеді.
Ал бастауыш сыныптарда бағдарламалап оқытудың элементтерін пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырады. Бағдарламалап оқытуды қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады. Бағдарламалап оқытуды қолдану арқылы қазіргі кезде көңіл бөлініп отырған тесттік жүйемен жұмыс ісатеу мүмкіндігі іске асырылады.Тест мақсаты:мектепке алғаш келген бүлдіршіндердің логикалық қабілетін арттыру, үйге берілген тапсырмаларды оқушылардың орындап келгендерін үшін дәстүрлі әдістерге қоса, тест арқылы оқушы білімі есепке алынып, бақылау жүргізіліп отырудың пайдасы көп.

Тест- оқушының білім дәрежесін қандай екенін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін, тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.


Тест қолдану үшін.
1. Тапсырманың жауабы мен сұрағы қысқа әрі анық болу қажет 1 сұрақта 3-5 жауап болып, оның 1-еуі ғана дұрыс болу керек,
2. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы керек.
3.Тестте ерілген сұрақ әр адамға түсінікті болатындай етіп жазу керек.

Тестпен сынауды программалау


Тесттердің жоспарын жасау
Тесттердің мазмұнын жасау
Тест бойынша үй тапсырмасын тексерсе, сыныптағы барлық оқушылар толық қамтылады.Жауап тез алынады.
Сонымен қатар күрделі тақырып та, тарау өткенде, не тоқсан, оқу жылы соңынан да тест арқылы сынақ өткізуге болады. Тест материалдарын әр сабақта жаттығу ретінде де пайдалануға болады. Тест дайындаудың мақсаты оқушының білімін тексеру, есепке алу. Тест оқушылардың жас ерекшелігіне, шама-шарқына лайықты, оларды ойландыратындай қызықты етіп құрастырылуы керек. Тест сапалы да нәтижелі болу үшін оқулықпен қатар әр-түрлі сұрақтар жинағын қолдануға болады. Тест қорытындысы бойынша мұғалім оқушының біліміндегі кемшіліктерді жою үшін жеке жұмыстар ұйымдастыруға болады. Нәтижесінде өтілген тарауды оқушылар жақсы игеруіне мүмкіндік туғызады.


Тестердің төрт түрі бар:
оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивті жауаптар талап етіледі.
алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.
өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.
білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.
“Дүниетану” пәнінде әр сабақ сайын тест сұрақтарын пайдалануға болады. Сонда ғана оқушылардың алған білімдері нық меңгеріліп, естерінде сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет