Жер негізгі 3 геосферадан тұрады



бет15/21
Дата29.07.2022
өлшемі103,87 Kb.
#147859
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
30 билет жауаптары. Жаратылыстану

Наурызым қорығы.

Наурызым қорығының алып жатқан жері Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарының аралығында. Ол 1934 жылы ашылған. Адам қолымен жасалған жасанды мұражайлардан әлемдегі ең танымал ондық қатарында Париждегі «Лувр», Римдегі «Ватикан мұражайы», Лондондағы «Британдық мұражай», Нью-Йорктегі «Метрополитен», Санкт-Петербургтегі «Мемлекеттік Эрмитаж» және т.б. тұр. Ал Наурызым қорығын табиғат өзі жасап берген ғажайып мұражай деуге болады. Ал табиғилық қашан да жасандыдан жоғары сатыда тұратыны, онымен салыстыруға да келмейтіндігі айтпаса да белгілі. Осындай ерекше аймақтың біздің елімізде болуы көңілге жылылық ұялатады.

  1. Алматы қорығы.

Өзінің жалпақ жапырақты және шыршалы ормандары, Альпы жайылымдарының белдеуі, шатқалдар мен көлдер бойынша өтетін экологиялық маршруттарымен туристердің көңілін аудартып жүрген Алматы қорығы 1964 жылы Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан. Алматы қорығы да өсімдіктер дүниесіне өте бай келеді. Оның 1300-ден аса түрін кездестіруге болады. Барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін секілді сүтқоректілер де осы Алматы қорығында мекендейді. Одан бөлек құстардың да 200-ге тарта түрі тіршілік етеді. Бәрінен бұрын көпшілікті, әсіресе, шеттен келген туристерді қызықтыратын 2500 м биіктіктен жоғарыда өскен Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі екені даусыз. 1800-2000 метр биіктіктегі көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштарды көру қай-қайсысына болмасын қызықты.



  1. Қорғалжын қорығы.

Солтүстік жар­тышарда сақталған самалды Са­рыарқаның салиқалы жа­зы­ғындағы қоғалы көл, қоқиқаз­дардың құт мекені – Қор­ғал­жын қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған. Қорғалжын қорығы орналасқан құт мекенде талай тарихи оқиғалар орын алған. Қорықтың көненің көзін көріп, тарихқа куә болғанына атақты Тоқтамыс хан жылқысын суарған Тоқтамыс көлі, Абы­лайхан шатыр тіккен Абы­лай көлі, Кенесары қона жатқан Сұл­танкелді көлі дәлел бола алады. Жылына ұрпақ жалғастыру үшін қорыққа Қазақстаның оңтүстігінен емес, әлемнің оңтүстігінінен, мынау Ресей, анау тұрған Өзбекстаннан емес, сонау Африка құрлығынан 50-60 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келеді екен. Ойлап қараңызшы, артта мыңдаған шақырымды қалдырып өтіп, қанаттарын талдырып, Африкадан Қорғалжыңдағы Теңіз көліне тікелей келіп отырады. Сондай-ақ, дүние жүзіндегі барша бұйра бірқазанның 20 пайыздан астамы осы жерге келіп, ұя салады. Табиғаттың құдіретінде шек жоғын дәлелдейтін Қорғалжын қорығы Қазақстандағы ірі табиғи аймақ. Оның аумағы тіпті Швейцариядан да үлкен.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет