ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АДАМДАР ЖӘНЕ КӨМІРТЕК АЙНАЛЫМЫ
7
Қосымша сұрақтар
С14. Көміртегі ұсталып, тасымалданған кезде кәдімгі құбырлар қолданыла ма?
С16. Көміртегіні жерастында сақтаудың баламалары бар ма?
С15. Көміртегіні сақтау орталықтарының шынайы өмірлік мысалдары бар ма?
Жоқ десе болады, себебі көміртегі диоксидін тасымалдау үшін оны сығу қажет және
құбыр газдың коррозиялық
әсеріне төзімді материалдан жасалу қажет. Көміртегі диоксидінің құбыры көміртек ұсталған жерден басталып,
сақтаушы орынға тікелей жеткізіледі. Құбырлар көміртегі диоксидін үш түрлі күйде жеткізеді: газды, сұйық
және қатты. Көміртегі диоксиді құбырлар арқылы көбінесе газ күйінде тасымалданады
және компрессор газды
құбыр арқылы “итеріп отырады”. Көміртегі диоксиді таза әрі құрғақ болуы тиіс, әйтпесе ол қарапайым құбырды
(көміртекті марганец болаты) коррозияға ұшыратады. Қазіргі күні құбырларға
қатысты арнайы стандарттар жоқ,
алайда “эксперттер оны тот баспайтын болаттан жасалса коррозияға ұшырамайтынын алға тартады”. Бірақ, бұл
экономикалық жағынан тиімді емес, себебі біз тек көміртегі диоксиді үшін ғана жаңа құбырлар жасауымыз керек
болады.
Иә, ғалымдар жерасты
жинақтаушы қорларынан басқа, көміртегі диоксидін сақтайтын тұрақты орындарды
мұхиттардан да іздестіріп жатыр. Кейбір сарапшылар көмірқышқыл газын қорықпай 3500 метрден төмен мұхит
бөлігіне лақтыра аламыз деп айтады. Олар бұл тереңдікте көміртегі диоксиді мұхиттың түбіне
қарай құлайтын
дымқыл материалға қысылады деп санайды. Мұхиттық көміртек жинақтаушы қорлар толықтай тексерілмеді,
оның мұхиттағы тіршілік дүниесіне қауіптілігі туралы әртүрлі пікірлер бар, тіпті ақыр
соңында көміртегі диоксиді
қоршаған ортаға қайта айналып келуі де ғажап емес.
Норвегияның батысында, Солтүстік теңізде орналасқан Слейпнер газ алқабында 1996 жылдан бері көміртегі
диоксиді теңіз түбіне жинақталуда.
Достарыңызбен бөлісу: