ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • ГЕОЛОГИЯ • ЖАНАРТАУЛАР
2
• Қандай жерлерде жанартаулар болады?
Жалпы жанартаулар
Жердің тектоникалық
тақталарының шекарасында орналасады. Олар
тақталар ажырайтын жерде, мәселен,
орта мұхиттық
жоталарда (мысалы Исландия) не түйісетін нүктелерде
(Оңтүстік Америка жағажай бойы) қалыптасады.
Алайда, жанартаулар тектоникалық тақталардың
өзінде де түзілуі мүмкін,
мұнда магма мантиядағы
“ыстық нүктелер” деп аталатын жерден жоғары
көтеріледі. Гавайи аралдарының тізбегі – тектоникалық
тақталардың бойында жанартаулардың қалыптасу
мысалы.
Достарыңызбен бөлісу: