«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет4/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ОПИСЬ 22
1. Жер асты суларының кен орны — жер асты суларының көлемдік және сапалық жағынан техниканың қазіргі кездегі күйі мен экономикалық жағдайларда өнеркәсіптік мөлшерде игеруге болатындай болып жиналған жері. Жер қыртысында таралған жер асты суларының түрлеріне қарай олардың төмендегідей кенорындары бөлінуі мүмкін:

  • 1) ауыз су ретінде ішуге және техникалық сумен қамтамасыз етуге жарамды түщы жер асты суларының кенорны;

  • 2) Қазақстанның курорттық негізі болып табылатын емдік минералды сулардың кенорны;

  • 3) энергетикалық мақсаттар үшін жарамды және шипалық маңызы бар термалды сулардың кенорны;

  • 4) ас түзын, йодты, бромды және басқа да элементтерді өндіріп алуға жарамды бағалы өнеркәсіптік жер асты суларының кенорны;

  • 5) іздестірулік және емдік тұрғыдан маңызды радиоактивті жер асты сулары кенорны.

Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің мыңайында зиянды қалдықтармен ластану қауыпы бола тұрса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы МЕСТ "Ауыз су" талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ ластандыру процессі жалғаса берсе, бұл сулардың сапасы төмендігі, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығынын сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған техниқалық және санитарлық шаралды іске асыру керек.

Бұл үшін:


  • су тазартқыш станцияларында өңдеу технологиясын жақсарту,

  • суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу және пайдаланудан кейінге ағазуды дамыту,

  • су пайдаланудағы нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ішер суды (тұщы суды) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.


2. Казақстан жерінде көптеген артезиан алаптары орналасқан. Олардың суы өте көп мөлшерде әр турлі қажеттерге жұмсалады. Артезиан алаптары тектоникалық, стратиграфиялық белгілер негізінде ажыратылады. Платформалық типтің алаптары әдетте зор аумақтарда тараған ірі тектоникалық ойыстардан орын алады жоие үнемі қабаттаса орналаскан бірнеше сулы горизоиттардан тұрады. Казакстанда толығырақ зерттелген платформалық типке жататын Балтық маңы, Москва, Днепр, Дон, Қара теңіз маңы, т. б. артезиан алаптары бар.

Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 жетті. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, 20-ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тұщы судың дефициті байқалып отыр. Жер шарында судың әртүрлі мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 км3, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км3 алынады.

Тұщы судың жетіспеушілігі гумидт деп аталатын ылғал климатты аймақтарда байқалуда. АҚШ бірқатар штаттарында Канадада, оңтүстік Американың, Азияның, африканың тропиктік аймақтарында су ресурстары мол болғанымен, олардың ластану салдарынан «судың жетіспеушілігі» байқалуда.

Тұщы сулар 150-200 м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын түздана береді.

Жер астындағы тұщы сулардың көлемі жер бетілік тұщы су көлемін 100есе көп. Су табиғатта үш түрлі агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседі.

Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 м3 шамасындайы жұмсалады. Судың ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна, 1 тонна күрішке 7000 тонна, 10000 тонна су жұмсалады.

Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңт. Қазақстанда, Бат. Қазақстанда – 9, Солт. Қазақстанда – 7, Орт. Қазақстанда – 10 және Шығ. Қазақстанда – 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. т шартты отынға тепе-тең.

Жерасты сулары жұмысын анықтайтын арнайы комитет бар. Солардың экспедициялары мониторинг жүргізеді. Сол комитеттің жүргізген мониторинг мәліметтері бізде бар, жерасты суын зерттейтін мамандар оны сараптап, баға беріп және де қалай пайдалануға болатындығы туралы жұмыс жасауда. Соңғы мәліметтер бойынша біздегі жерасты суларының көлемі 16,5 мың текше шақырым. Біз оның 7 пайызын ғана пайдаланамыз. Негізінде, жерасты суларының шоғырлануы, қайнар көздері біздің Ұлттық атласта белгіленген. Бірақ та жерасты суларын жер бетіне шығару бұл қыруар қаржыны талап етеді. Алайда болашақта әлем жұрты осы жерасты суларын толық пайдалануға көшеді. Ал біз жерасты суларын тиімді қолдануымыз керек. Өйткені бұл біздің стратегиялық қорымыз деп есептеуіміз керек. Сол себепті де мүмкіндігінше жерасты суларының көлемін ұлғайта түскеніміз жөн.

Қазір бұл әдісті Өзбекстан қолданып жатыр. Қиын түгі де жоқ. Көктем мезгілі кезінде қар ерігеннен және нөсер жауын-шашыннан пайда болатын артық суларды жерастына сіңдіретін әдістер қолдану керек. Егер де су тапшылығы пайда болған жағдайда, сол суды қолдануымыз керек. Мұндай әдісті «магазинирование» дейді. Осы әдісті бізде көбінесе Орталық Қазақстанда және басқа да ыңғайлы орындарда қолдану керек.


Бақылау сұрақтары:

1. Пәнiнің мақсаты мен міндеті қандай?

2. Жер асты сулары орналасуына қарай қалай жіктеледі?

3. Жер асты суларының балансы деген не?

4. Же расты сулары қандай мақсаттарда пайдаланады?

5. Жерасты суының кен орны деген не?

6. Жерасты суларының қандай түрлері бар және пайдалану мақсаттары қандай?

7. Тұщы судың тапшылығы деген не?

8. Артезианды алаптар қалай бөлінеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет