«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет6/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Жер асты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекетгесуі нәтижесінде табиғи қүрылымдар ретінде қалыптасатын жер асты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері үсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:

  • 1) табиғи сулардың, солардың ішінде жер асты суларының, химиялық жіктемелері;

  • 2) жер асты суларының пайда болуы, жату жағдайлары, немесе пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;

  • 3) жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.

Химиялық құрамына байланысты жерасты суларды төмендегідей жіктеуге болады:

1.Минералдану дәрежесіне яғни еріген тұздардың мөлшеріне қарай жерасты сулары тұщы (еріген заттардың мөлшері 1 г/л дейін),тұзғылт (1-10г/л), тұздыны (10-50г/л), тұздық(50г/л жоғары)

2.Еріген тұздар аниондарының басымдығына байланысты гидрокарбонатты, сульфатты,хлоридті, кальцийлі, натрийлі болып табылады.

3.Еріген газдардың құрамына қарай көмірқышқылды, күкіртсутекті, радонды сулар болып табылады.

4.Температурасына қарай салқын сулар (200С-төмен), жылы (20-370С), ыстық (37-420С), өте ыстық (420С-тан жоғары)

5.Белгілі элементтердің еріген күйде бөліп аралық мөлшері бар жер асты сулары өндірістік сулар деп аталады. Құрамындағы элементтерге қарай йодты, бромды, бромды-йодты және т.б.

Тау жыныстарының орналасу сипатына қарай жер асты сулары мынадай типтерге бөлінеді:

1.Жер қыртысының ең жоғарғы бөлігін құрайтын тау жыныстарының түрлі саңылауларынан қуыстық сулар

2.Жоғарғы және беттерінен су өткізбейтін қабаттармен шектелген тау жыныстарының қуыстарына орналасып айналымға түсетін пластаралық сулар

3.Жарықшалармен қатты тау жыныстардан орын алатын жарықшалардың сулары

4.Жеке тектоникалық жарықтармен тектоникалық жарылыстардың бойында болатын жарықшақтық желілік сулар

Жер асты суларын барлау нәтижесінде осы саладағы мамандар, жер асты су кен орындарын іздеу және барлау мақсатына байланысты кен орындарын топтастыруды көздеген.

Жер асты су кен орындарын 3 топқа бөлген.

1.Өзен типті жер асты су кен орындары

2.Пластаралық кескіндердегі жер асты су кен орындары

3.Изоляцияланған типті жер асты су кен орны


2. Гидоргеологиялық шартарға байланысты тау жыныстары қабат аралық жер асты суларының кен орындары. Пластаралық жүйедегі жер асты суларының кен орындары. Изоляцияланған пласттағы жер асты суларының кен орындары болып бөлінеді.

Зерделену дәрежесi бойынша жерасты суларының кен орындары

(телiмдерi) мынадай топтарға бөлiнедi:

- игерiлгендер;

- барланғандар;

- бағаланғандар (айқынданғандар).

Игерiлгендерге үнемi не үзiлдi-кесiлдi пайдаланылып тұрған жерасты суларының кен орындары (телiмдерi) жатады; олардың пайдаланылатын қорлары, судың сапасы мен көлемi, сондай-ақ су алыну жағдайлары жүргiлiк (режимдiк) бақылау деректерi, санитарлық-гигиеналық, су қорғау экологиялық тексерiстер (пайдалану барысындағы барлау) бойынша анықталған. Игерiлген кен орындарының (телiмдердiң) жерасты суларының қорлары А категориясы, кейбiр жағдайда В категориясы бойынша бағалануға тиiс.

Барланғандарға өнеркәсiптiк тұрғыдан игеруге қосу тәртiбi мен шарттары туралы шешiм қабылдауға негiз болу үшiн жеткiлiктi дәрежеде зерделенген (зерттелген) кен орындары (телiмдер) жатады. Барланған кен орындарының (телiмдердiң) жерасты суларының қорлары В категориясы бойынша бағалануға тиiс.

Бағаланғандарға (айқынданғандарға) нақтылы тұтыну қажеттiлiгi (сұранысы) немесе iрiленген техникалық-экономикалық есептеу негiзiнде өнеркәсiптiк маңызын және онан әрі барлауға тұратындығын негiздеуге болатындай дәрежеде зерделенген (зерттелген) кен орындары (телiмдер) жатады. Мұндай кен орындарының жерасты суларының қорлары С1 және С2 категориялары бойынша есептелуге тиiс.
1. Жер асты суларының балансы — сулы таужыныстың берілген көлеміндегі жер асты суларының қорын толтыратын су мөлшері мен осы қордан біршама уақыт ішінде алынатын (шығындалатын) су мөлшерінің ара-катысы. Оны зерттеу ылғал айналымы процестерімен байланысты, жер асты суларының қоретену және режімі заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет