«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018


Жер асты суларын іздеу және барлау



бет17/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
ОПИСЬ 22
Жер асты суларын іздеу және барлау — ішуге және техникалық сумен жабдықтауға, емдік мақсаттар мен химиялық шикізат алуға жарамды жер асты суларын іздеп табу мақсатымен жүргізілетін геологиялық, гидрогеология,геофизикалық және тәжірибелік жүмыстардың жиынтығы.

Барлау жұмыстарына скважиналарды бұрғылау, шурфтарды, шахталарды, орларды т.б қазбаларды қазу кіреді. Барлау жұмыстары жеке геоморфологиялық элементтерде зерттелетін аумақтың теріңдігі геологиялық құрылысын, сулы горизонттардың тереңдігінің таралуы және олардың деңгейлерін анықтауға топырақтардың үлгілері мен жерасты суының сынамаларының, олардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу үшін, дала жұмыстарында тәжірибелік зерттеулерді жүргізуге (су тарту, су құю, суды айдау, топырақтың сығылғыштығын анықтау т.б). Жерасты суларының режиміне тұрақты байқаулар жүргізуге мүмкіндік береді. Атқаратын қызметіне қарай барлау жұмыстары 4 топқа бөлінеді:



  1. Аймақтық су өткізбейтін қабаттардан төмен орналасқан пластаралық суларды ашу және сынау үшін тереңдігі 300-500 м болатын тірек скважиналарын бұрғылау.

  2. Аймақтық су өткізбейтін қабаттарда орналасқан сулы горизонттарды сынау үшін және таулы жыныстар қасиеттерін зерттеу үшн 500-100м тереңдікте барлау скважиналарын бұрғылау.

  3. Аэрация зонасының, қалығу зонасының сулы горизонттарының жоғарғы бөлігіндегі таулы жыныстар қасиеттері мен тұздарының құрамын зерттеу үшін тереңдігі 20-50м болатын картаға түсіру скважиналарын бұрғылау.

  4. Тау жыныстарының қасиеттерін, тұздарын, су өткізгіштігін, батпақтардағы шымтезектердің қалыңдығы мен ыдырау дәрежесін, топырақ суларының тереңдігі мен құрамын анықтауға арналған 20м дейінгі таяз скважиналар бұрғылау, шурфтарды, орларды қазу.

Бұрғылау процесінде т.ж үлгілері алынады, сулы горизонттардың стратиографиялық орны мен қалыңдығы, жер бетінен жату тереңдігі және гидравликалық типі анықталады. Топырақтың үлгілері колонкалы құбырлар арқылы алдын-ала су тартудан кейін сулардың сынамалары алынады. Топырақтарды зерттеуде және скважиналар ашқан жерасты суларын анықтауда геофизикалық, олардың ішінде ядролық тәсілдер қолданылады.

Бұрғыланған скважиналар мен қазылған щурфтардың нәтижелері бойынша бағаналар түрінде қималар жасалады. Скважинадағы судың деңгейлерін өлшеу әр түрлі приборлардың, яғни деңгей өлшегіштердің жәрдемімен атқарылады. Олардың ең қарапайым түрі ұшында белгісі бар (ысқырықты, ысқырықсыз) рулеткалар пайдаланылады. Бұрғылау және су тарту кезінде электр шамы, милиалтерметрлі немесе қоңырауы бар электрлік деңгей өлшегіштер де жиі қолданылады. Су тарту және тұрақты байқауларда кейде сағат механизмімен және барабанға бекітілген лентаға деңгейдің өзгеруін жазатын тетікпен жабдықталған әр түрлі типтегі деңгей өлшегіштер пневматикалық деңгей өлшегіштер қолданылады.

Бұрғылау, оның ішінде өздігінен құйылатын және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе тоқтатылған ұңғымалар реттеуші құралдарымен жабдықтауға, белгіленген тәртіпте консервациялау немесе жоюға жатады.

Жер қойнауын пайдаланушы бұрғылау кезінде:



    • барлық су тұтқыш қаттар мен өткізгіш қаттарды оқшаулауды;

    • барлық құбырлардың саңылаусыздығын және олардың сенімді цементтелуін қамтамасыз етуге міндетті.

Ұңғымаларды бұрғылау процесінде керн, электрлік каротаж және термокаротаж мәліметтері бойынша анықталған су тұтқыш сипатты барлық қаттар олардан өндірістік су ағынын алу мүмкіндігін анықтау мақсатында нақты зерттелуі қажет.
Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғымаларды қазу не үшін және қалай жүргізіледі?

2. Бұрғылау жұмыстары қалай жүргізіледі?

3. Барлау және бақылау скважиналарын қазу технологиясы қандай болады?

4. Іздеу сатысындағы арнайы гидрогеологиялық түсірмелер деген не?

5 Гидрогеологиялық түсіру жұмыстардың мақсаты не?

6. Гидрогеологиялық карталардың қандай түрлері және құрастыру әдістері бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет